ҚМҚК«Алпамыс» бөбекжай бақшасы
«Мені үрле»
«Жазда келді, көңілді» апталығы
Сабын көпіршіктерін саусақтарымен жарады
(ойын-жаттығу)
«Бал-бала»кіші тобы
Тәрбиеші: Туленбаева.С
Тулегенова. Г
Қызылорда, 2025 жыл
«Мені үрле»
Сабын көпіршіктерін саусақтарымен жарады
(ойын-жаттығу)
Мақсаты:
Балалардың су, көпіршік және олардың қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыру;
Ұсақ қол моторикасын дамыту, бақылағыштық қабілетін арттыру;
Табиғат құбылыстарына қызығушылығын ояту, тәжірибе арқылы үйренуге баулу.
Іс-шараның барысы
Тәрбиеші: – Қайырлы таң, балалар!
– Көңіл-күйіміз қалай?
-Жақсы
– Бүгін бізде ерекше, қызықты күн болады!
Кішкентай ғана шар,
Күнге тигенде жарқ-жұрқ.
Ұшып кетер жоғары,
Жарылып кетер ауада.Жұмбақ жауабы қандай екен
(Көпіршік)
– Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз су көпіршіктерімен түрлі ойындар ойнайтын боламыз
"Түрлі түсті доптар" ойыны
Мақсаты:Балалардың су мен сабын көбігі арқылы жасалған ойын барысында түстерді ажырату қабілетін дамыту, сенсорлық сезімін арттыру және ұсақ моторикасын жетілдіру.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/397-zhazda-keldi-k-ildi-aptaly-y.html#sigFreeIdb83aac888b
"Кім жылдам" ойыны
(Губкамен көпіршікті бір ыдыстан екіншісіне көшіру)
Мақсаты:Балалардың қол моторикасын, шапшаңдығын және төзімділігін дамыту. Көңіл-күйін көтеріп, бір іс-әрекетті соңына дейін орындауға дағдыландыр
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/397-zhazda-keldi-k-ildi-aptaly-y.html#sigFreeId509413b250
Үрленген көпіршіктерді алақанмен ұстап жарамыз, кім жылдам жүйрік екенін көрейік.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/397-zhazda-keldi-k-ildi-aptaly-y.html#sigFreeId58ff924912
Тәрбиеші:
– Балалар бүгінгі сендер қандай ойын ойнадыңдар?
--Көпіршіктер
– Жарайсыңдар. Көпіршік жасау қиын ба, әлде көңілді ме?
--Көңілді
– Тамаша.