«Алпамыс» бөбекжай бақшасы» КМҚК

Көпіршіктер әлеміне саяхат

Тобы: “Зерттеуші бүлдіршін”, “Білімділер бекеті” ересек топтар

Тәрбиешілер: Сейітхан А , Сәдібекова А

Қызылорда, 2025 ж

Тақырыбы: “Көпіршіктер әлеміне саяхат”

Міндеті: Сиқырлы атмосфера құру және балаларға сабын көбіктері бар ойындардан рахаттану. Көпіршікті үрлеу әдістерімен таныстыру. Бірлескен қарым-қатынастан жағымды эмоциялар беру. Балалардың моторикасын кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Сусабын, бір реттік стакан, түрлі-түсті түтікшелер, доптар.

Ойын: “Көпіршіктегі допты жина”

Балалар алдымызда тұрған орындыққа отырып, ыдыстағы көпіршіктегі допты аяқтарымен алып жинайды. Кім бірінші болса сол бала жеңімпаз атанады.

Ойын: “Ұш көпіршігім ұш”
Бір реттік стакандағы сусабынға түрлі-түсті түтікшені араластырып үрлеу арқылы
көпіршіктер шығару.

Ойын: “Көбікті би”
Музыка қосылады, балалар көбік арасында еркін билеп, жүгіреді. Тәрбиеші көбікті шашқанда балалар жүгіріп, секіріп көбікті жару қажет. Ойын барысында көбікті жұтпауға, көзге тигізбеуге ескерту. Аяқ сырғанауынан абайлау.