«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК
«Көпіршіктер қаласы»
(тәжірибе жұмысы)
Топ: «Жас ізденімпаз» мектепалды тобы
Тәрбиеші: Көптілеуқызы Ә.
2024-2025 оқу жылы
«Көпіршіктер қаласы»
Мақсаты:
Балалардың сабын көпіршіктерінің қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.Тәжірибе арқылы бақылау, салыстыру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Су, сабын немесе ыдыс жуғыш құрал,пластик стақандар,бөтелкелер, су құятын ыдыс,көпіршік үрлейтін арнайы құрал (немесе иігі бар түтік), бояу (қажет болса — түрлі түсті көпіршік алу үшін)
Барысы:
Балалар, сендер сабын көпіршігін үрлеп көрдіңдер ме? Ал олардан қала жасап көруге қалай қарайсыңдар?»
Көпіршіктің қалай пайда болатынын қысқаша түсіндіру:
«Сабын көпіршіктері — су мен сабынның қосындысынан пайда болатын, ішінде ауа толы жұқа қабық. Олар дөңгелек болады, кейде жарылып кетеді. Біз бүгін сол көпіршіктермен тәжірибе жасап, олардан шағын қала жасап көреміз!»
Тәжірибе жасау кезеңі:
Тәжірибе №1: «Көпіршік жасаймыз»
Мақсаты: Сабын көпіршігінің қалай пайда болатынын бақылау.
• Су мен ыдыс жуғыш құралды араластырып, дайын ерітіндіге түтікше батырып үрлейді.
• Түрлі пішіндер мен өлшемдегі көпіршіктер пайда болады.
• Балалар олардың қозғалысын, жарылу сәтін бақылайды.
Сұрақтар:
• Көпіршіктің түсі қандай?
• Олар қандай пішінде?
• Неге жарылып кетеді?
Тәжірибе №2: «Көпіршіктер қаласы»
Мақсаты: Сабын көпіршіктерінен композиция жасау.
• Балалар түрлі түсті сабынды көпіршіктермен үрлеп, үстел үстінде топтап «қала» салады.
• Бірнеше көпіршіктер бір-біріне жабысып, шағын мұнаралар, үйшіктер құралады.
• Қаланың атауын ойлап табады (мысалы, «Көңілді көпіршіктер елі», «Сабын патшалығы» т.б.).
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/399-k-pirshikter-alasy-t-zhiribe-zh-mysy.html#sigFreeId8554f496fb
Тәжірибе №3: «Көпіршіктерден кемпірқосақ»
Мақсаты: Үлкен көлемде түрлі түсті сабын көпіршіктерін шығару.
Балалар пластикалық бөтелкелерден жасалған құралдар арқылы түрлі түсті сабынды көпіршіктермен үрлеп, үлкен көлемдегі сабын көпіршіктерінің пайда болуын бақылайды.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: Балалар пластикалық бөтелкелерді кесіп, тәжірибеге қажетті құралдарды өздері дайындайды.
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/399-k-pirshikter-alasy-t-zhiribe-zh-mysy.html#sigFreeIdcd45aa39bf
Қимылды ойын: «Көпіршікті ұста!»
Балалар жерде пайда болған көпіршіктерді ұстап көреді, секіреді, жүгіреді.,
http://alpamys-land.kz/kz/merekelik-is-sharalar/399-k-pirshikter-alasy-t-zhiribe-zh-mysy.html#sigFreeIdfcaa79b648
Қорытынды:
Балалармен бірге нәтижені талқылау, сұрақтар қою.
- «Көпіршік неден пайда болады?»,
- «Қала жасау ұнады ма?»,
- «Көпіршіктер неліктен жарылып кетеді?»
Балалар өз әсерлерімен бөліседі.