«Білімділер бекеті» ересек тобы

 Тәрбиеші: Тұяқбаева Қ

Қызылорда, 2022 ж

Тақырыбы: «Отбасым - бақыт мекенім»

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту.

Тренингтің міндеттері:

Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.

Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білуі,өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау. бірлесіп жұмыс жасауға баулу,өзін еркін сезінуге көмектесу.

Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік,сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық, құндылықтарын ұғынуға көмектеседі.

Қатысушылар: Ата-аналар.

Барысы:

Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі «Отбасым - бақыт мекенім» тақырыбындағы тренинг ойынына қош келдіңіздер!

Отбасы шағын мемлекет.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, жеріне Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.  «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Әрқайсымыз отбасымызбен бақыттымыз.  

Құрметті ата-аналар, орнымызға жайғасу үшін  бүгінгі көңіл күйлеріңіз қандай екенін көрсетіп жайғасыңыздар. Ол үшін қалаған суреттегі бейнені қайталайсыздар. Көңіл күйлеріңіз көтерілді ме? Олай болса таныс болайық  жаттығуы,

1.«Таныс болайық!» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

Сіздердің алдарыңызда сыйқырлы қорапша ішінде екі түрлі көңіл күйлер суреті бейнеленген қайсысы сізге ұнап тұр сол бойынша өзіңізді таныстырыңыз.

Жақсы бір-бірімізбен таныс болдық. Мен сіздерге қоржын таратып беремін, әр ойында, сұраққа жауап беру барысында асықпен бағалау арқылы қоржынға асық жинайсыздар, соңғы қорытынды бөлімде асық есебін шығарамыз.

2. «Сөзжұмбақ»  Тігінен шығатын сөз(Отбасым)  Жарық дүниеге көзіңді ашқан сәттен бастап айналып, толғанып, қорғап, қоршап, бауырына басатын ыстық ұя.

1.Үйіңізде отбасыңызды басқарып, қамқорлық көрсететін жан ..... (отағасы)

2. Біз бақытты баламыз.  Тату ........... арамыз. (тәті)

3. Жұмбақ. Әрі төсек, әрі үй.     Иесі оның сәби. (Бесік)

4.Әрбір жан үшін ең қымбат адам.... (Ана)

5.Ас үй ханшайымының жұмыс орны (Асхана)

6. Отбасының іргетасы берік болу үшін не қажет? (Ынтымақ)

7. “Анаңды ... үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың” (Меккеге)

3.«Суретті жалғастыр» мақсаты: бір –бірімен байланысқа түсе білуге, өз ойларын ашық айтуға , қарым-қатынастарын жақсарту.

Ақ қағазға әркім өз ойымен отбасы жайлы сурет салады, бір бірінің суретін жалғастырып салады. Соңында суреттерін баяндап айтып береді.  

4.«Не жасырынды табамыз» тренинг ойыны

Тақтада түрлі түсті шарлар ұяшықтары беріледі. Қалаған түсті таңдайды, таңдаған шарда не жасырылды видио, сұрақ, суреттердің жауабын табады.

1.Әли мен Айя өлеңі «Гүлдер» өлеңді жалғастыр.

2.Кімнің дауысы? Баланың сөзін тыңдап дауысынан тану.

3.«Құпия кітап» әнін қосып, әннің аты, авторы кім? Оразалы Мақсұтов.Сымбат Сағындық.

4.Әдепті бала ата – анасын мақтатар, мақалдың жалғасын тап?( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

5.Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

6.Отбасы жайлы өлең айтып бер.  

Отбасы – таным бесігі,өркениет ошағы,үлгі — өнеге бастауы.Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Ата – ана баламен  бақытты.Ата-ана ұрпағымен мың жасайды.Сол сияқты баланың болашағына толғанар ел,ойланар отбасы қалыптасса елдің болшағы зор болмақ.

5.Қайрат Нұртас: «Жанұям» әнін бірге шырқауды ұсынамын.

6.Тренингті  қорытындылау, бағалау.

Әр ойын барысында кім қанша асық жинады? Қоржыннан шығарып санаймыз. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың ,мейірімнің, сүйіспеншіліктің мекені. Бір-бірімізге мына жүрекшені бере отырып .Тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болады. Өздеріңізге бүгінгі тренинг қалай өткенін білу үшін жүректен жүрекке жылы лебізімізді білдіреміз.

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық.

Тренингке  уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға үлкен рахмет! Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Сау болыңыздар!