«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК
«Ата-ана, балабақша, мектеп…»
Қызылорда қаласы 2022 жыл
«Ата-ана, балабақша, мектеп…» Тренинг
Мақсаты: Ата – ана мен балабақша арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,бірлесіп жұмыс жасауға баулу,өзін еркін сезінуге көмектесу. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту.
Тренингтің міндеттері:
Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.
Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білуі,өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік,сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық, құндылықтарын ұғынуға көмектеседі.
Қатысушылар: Ата-аналар, балалар.
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс.
Өтілу барысы:
- Амандасу, танысу жаттығуы.
- «Көрікті ағаш» 3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік»ойыны
- Жақсы көңіл-күйдің суретін саламыз.
- Тыныштық сәті.
- Тренингті қорытындылау, бағалау.
Тренингтің ережелері:
1.Әр қатысушы ойын ашық айтуы керек.
2.Өзгелердің пікірін құрметтеуі керек.
3.Белсенді әрекет ету қажет.
4.Шынайылық.
5.Топтасып жұмыс жасау.
Барысы: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Ата-ана, балабақша, мектеп…» тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер! Әр үстел басында тұрған түрлі түсті шарларды таңдау арқылы орнымызға жайғасамыз.
1.Амандасу, танысу жаттығуы. Үстел үстінде тұрған шарды жарып, ішінде қағазға жазылған іс-әрекет арқылы сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
Жаттығу барысы:
1.Ең алдымен оң жақтағы сосын сол жақтағы көршімізбен құшақтасамыз,барлығымен қол алысып амандасамыз.
- Оң жақтағы, сол жақтағы көршімізге бір көзімізді қысып, қалған қатысушыларға сәлеметсіздерме? деп амандасып бір жымиып қоямыз.
- Көңілді күліп тұрып сәлемдесіп, көршіңізден көңіл-күйінің қандай екенін сұрап қойыңыз.
- Баршаңызға сәлем деп, екі қолды жоғары көтеріңіз.
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeId16498c8d62
Тәрбиеші: Керемет, баршаңызға рахмет, сәлемдеріңізді алып, таныс болдық.
Біздің мақсатымыз – балаларымызбен қарым-қатынастарды жақсартып бала тәрбиесіне көңіл бөлу. Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Баланың ең бірінші ұстазы — ата-анасы. Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады. Олай болса жұмысымызды амандасу, танысу жаттығуымен бастаймыз.
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeIdd2421a1543
Ендігі екінші тренинг «Көрікті ағаш»деп аталады.
- «Көрікті ағаш» «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата – аналар, сіздер не үшін тамырды таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар соны әр адам өз ойымен айтып беріңіздер. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға тамырды, діңгекті, жапырақты салып, бейнелейміз.
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeId7a6a7a101c
(Музыкалық сүйемел,плакат, түрлі түсті бояу.)
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз мол жемісін береді.
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін балаларымыз іліп берсін.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу) Жарайсыздар, өте тамаша.
Балаларымызға арнап жазған тілектеріміз қабыл болсын!
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeId6dddd2b80f
Келесі біздің ойынымыз
- «Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны. Ата –аналарға жүрекшелер таратылады. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрекше бар, сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата-ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeIdea5f53903a
- Керемет көңіл-күйдің суретін саламыз.
Қатысушылар топтарға бөлініп, берілген ақ қағаздарға қалаған суреттерін ақылдаса отырып салады. Әр адамның өз ойы-пікірі болады. Біреу үшін жақсы көңіл-күй жарқырап тұрған күн шығар, біреуге өсіп түрған гүл шығар, сол сияқты қатысушылар өз ойларын қағазға түсіреді. Салған суреттерін қорғайды. Қорғап болғаннан кейін «Көңілді күн» әнін айтып, билейді.
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeId057ac4c041
Қажетті заттар: қағаз, желім, түрлі-түсті қағаздар, түрлі-түсті қаламдар.
- Тыныштық сәті. «Гүл бағына саяхат»
Мақсаты: Өзін бағалай білуге жетелеу, жаман ойлардан, реніштен арылу, жақсы ақуал қалыптастыру,көңіл-күйін көтеру.
Терең тыныс аламыз 1,2,3. Өзіңізді ыңғайлы,қалыпты ұстаңыз да көзіңізді жұмыңыз. Жылы толқын денелеріңізді босаңсытады. Естіген сөздеріңізді ойша елестетіп,естіп, сезінулеріңізді сұраймын.
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeId3b4fa29b1e
Көз алдыңыз қараңғыланып кетті, қараңғылық ішінен әдемі өрнектері бар түрлі-түсті қақпа ашылды, ары қарай жүрдіңіз,сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Алуан түрлі керемет раушан гүлдер тобы сізге қарап иіліп сәлем беріп тұр.
Кенет гүлдер тез көбейе бастады. Жүздеген, мыңдаған, қызылды, жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен қуаныш сезімі билейді. Сіздің көңіл-күйіңіз керемет. Сіздің жанұяда да, жұмыстарыңызда да бәрі жақсы. Өз- өзіңізге сеніңіз. Сіз өте кереметсіз,жігерлісіз,сұлусыз,талаптысыз.Қолыңыздан барлығы келеді. Барлығына жұпар иісіңізді шашып жүретін керемет гүлсіз. Жаймен көздеріңізді ашсаңыздар болады. (Көздерін жұмып тұрғанда балалар гүл алып алдарында тұрады.)
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeId1e89d8c209
Қаңдай сезімде болдыңыз? Өзіңізді керемет жұпар иісті гүл ретінде сезіндіңіз бе?
6.Тренингті қорытындылау, бағалау.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.
Бұл тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болады. Өздеріңізге бүгінгі тренинг қалай өткенін білу үшін смайлик таңдап алсаңыздар. Тенингке өз уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға үлкен рахмет!
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/187-ata-ana-balaba-sha-mektep.html#sigFreeIdfdc0eb58f7