КМҚК «Алпамыс» бөбекжай бақшасы

Тақырыбы:

«Біз зерттеушіміз»

Тобы: «Әмбебап балдырған» МАД

Тәрбиеші: Ибраева А.А

2021-2022 оқу жылы

Бөлімі: Жаратылыстану

Саласы: Таным

Тақырыбы: «Біз зерттеушіміз»

Мақсаты:

Жобалық жұмыстар арқылы балалардың танымдық, зерттеушілік  іс-әрекеттері бекиді.

Зерттеу жұмысы (таңдау бойынша)

Әдіс-тәсілдер: АКТ, бағалау, бақылау, зерттеу, сурет салу, ойын, командалық  жұмыс,  саралау, бала үні, 4К сыни ойлау.

Ресурстар: Тақырыпқа сай қажетті материалдар, экспериментке қажетті құралдар, шығармашылыққа қажетті құралдар, т.б

Барысы:

Сәлемдесу. Балалардың назарын аудару. Сәлеметсіздер ме кішкентай бүлдіршіндер және қонақтар! Сіздермен бірге мен, «Алпамыс» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Ибраева Ақерке Аманжолқызы және де ортада менің кішкентай достарым - Алпамыс бөбекжай бақшасының «Әмбебап балдырған» МАД тобының тәрбиеленушілері.

- Сәлем достар! Қош келдіңдер! Обсерваторияға жайғасайық.  Ал,көңіл-күйлерің қалай? Ендеше экранға назар аударайық. Экраннан «Тәжірибе алаңы» бағдарламасының жүргізушілері шығып, балалармен сәлемдесіп, өздерін таныстырып, бүгінгі ойын тапсырмаларды  «Алпамыс» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндеріне беріп жібергендерін айтады.

- Сәлем достар! Біздің кезекті қызықты тәжірибелерімізді сендер өздерің жасап көргілерің келедіме?  Олай болса бүгін сендерге өзіміздің тәжірибе алаңынан қызықты ойынды тапсырмалар беріп жібердік. Сендер оны орындауға дайынсыңдарма? (балалардың жауаптары)Алдарында қара түсті тақта тұрады. Тақтада  түрлі зерттеу жұмыстарының құралдарының, сурет салу құралдарының суреттері  жасырылған, сол суреттерді балалар қолшам (фонарик) арқылы не зат екенін тауып, анықтайды.

Тәрбиеші: - Иә балалар, дұрыс айтасыңдар, бұл зерттеу және өнер орталығының құралдары. Олай болса қазір біз  сіздерге Жаратылыстану оқу қызметі бойынша балалардың қызығушылығынан туындаған «Біз зерттеушіміз» тақырыбында жұмыстың бір бөлігін ұсынамыз. Балалардың көкейлеріндегі түрлі сауалдарына жауап іздейтін боламыз. Сондай-ақ ой-қиялдарынан туындаған сауалға жауап беруге тырысамыз.  Біз осы уақытқа дейін де көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибелер жасаған болатынбыз. Ендеше бүгінде сондай қызықты тәжірибелер мен ойын тапсырмалар орындайтын боламыз. Барлықтарыңыз білетіндей ең алдымен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

Қауіпсіздік ережелері:

  • Заттарды қолмен ұстауға және дәмін көруге болмайды.
  • Зат құйылған құтыларды ашық тастауға және қақпақтарын ауыстыруға болмайды.
  • Арнайы киімдер мен очки, қолғаптар киілу керек, т.б

Ойындарымызды бастамас бұрын, орталықтарға бөлініп алайық. Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлінеді.

Негізгі бөлім:

Орталықтарға бөліну:

1 «Зерттеу» орталығы:

«Үрленген шар» зерттеу жұмысы. Шарты: Пластмасса бөтелкесіне сірке қышқылын құйып, үрленбеген шардың ішіне ас содасын салып, екеуін қосқанда шар қысыммен үрленеді.

«Түрлі-түсті кемпірқосақ». Шарты: 4 стаканға қант қоспасын әр түрлі мөлшерде салып, үстіне 3 ас қасық су құйып, үстіне түрлі-түсті бояулар қосып, бір стаканға бірінен кейін бірін шприц арқылы жәймен құйып отырады. Сол кезде сулар араласпай, кемпірқосақ тәрізді бейне жасалады.

2 «Зерттеу» орталығы:

«Вулкан». Шарты: Суға марганцовка салып араластырады. Келесі ыдысқа ыдыс жуатын қоспаны құйып, сумен марганцовка салынған қоспаны қосады. Үстінен перекись құйғанда вулкан тәрізді көбік шығады.

«Сүт бетіндегі бейне». Шарты: Мақталы дөңгелектің бетіне маркер бояуымен түрлі-түсті етіп бояп, артына ыдыс жуғыш қоспаны жағып, оны сүт құйылған тәрелкеге батырады. Сүттің бетінде керемет көрініс пайда болады.

3 «Өнер» орталығы:

1 тапсырма: «Дәкедегі бейне»

Шарты: Ақ қағаз бетіне жапсырылған дәке бетіне әр түрлі бейнелерді, түстерді араластыра отырып сурет салу.

2 тапсырма: «Биші қыз»

Шарты: Ақ қағаз бетіне көк, ашық көк және ақ түстерді ретімен жағып шығады. Шыққан түннің бейнесіне трафарет арқылы билеп тұрған биші қыздың суретін бастырады. Көйлегінің етегіне ақ үкіні жабыстырып қояды. Сол кезде билеп тұрған қыздың бейнесі шығады.

3 тапсырма: «Щеткамен түрлі бейнелер»

Шарты: Дөңгелек қағаз бетіне ағаштың бұтағын салып, жасыл жапырақтарын мақталы таяқшамен салып шығады. Жемісті ағаштың үстіне мақталы таяқшамен  қызыл түспен басып салып шығады. Жердегі шөптерді тіс щеткасымен салады.

4 тапсырма: «Түтікшемен және губкамен бейне»

Шарты: Қағаз бетіне губкамен жасыл және көк түстен әдемі фон жасап алады, түтікшенің басымен бақ бақ гүлін жасап, сабақтарын қылқаламмен салып шығады.

5 тапсырма: «Дөңгелектелген бүжірлі салафаннан бейне»

Шарты: Дөңгелектелген бүжірлі салафаннан гүлдің бейнесін жасау. Гүлдің бұтақтарын және жапырақтарын жасыл түспен бояп шығу.
1 ауысым тапсырмаларды орындап болған соң , балаларды 2 ауысымға ауыстыру үшін ортаға шапалақ арқылы шақыру.

Сергіту сәті: «1,2,3,4,5... Шапшаң биле»

2 ауысым жұмыс жасайды. Жұмыс жасап болған соң, балалармен  ойын.

Қорытынды бөлім:

«Көңілді табандар» ойыны

Шарты: жердегі жол бетіндегі аяқ іздерімен секіріп, сиқырлы қорапшаға қолдарын салып, ішіндегі суреттерді алады. Суретте бүгінгі жасаған жұмыстары бейнеленген. Сол сурет бойынша, яғни жасаған жұмыстарын қорытындылап айтып береді. Және де өзі қандай орталықтарда қандай жұмыс жасағандарын айтып түсіндіреді.

Сұрақ-жауаппен қорытындылау. Балаларды мадақтау, марапаттау. Қонақтармен қоштасу.