Қош келдің - Әз Наурыз
(Мерекелік іс-шара)
Тобы: «Білімділер бекеті» ересек
Тәрбиеші: Смағұлова Н.Н
Сейітхан А.Ж
Қызылорда қаласы
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді.Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Залда әсем әуен ойнап тұрады.
«Қызылорда тв» арнасынан жаңалықтар ұсынады Әдемі: Әз Наурыз құтты болсын қазақ елі. Мерекелік көңіл күйді Қызылорда арнасының тілшілері жеткізеді. Студияда мен Сақтапберген Әдемі Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын тойлау елде жалғасып жатыр. Күн мен түннің теңелген шағында сауық сайран құрған Қазақстандықтардың көңілдері жадыраңқы. Бүгін халықты ауа райы да ерекше қуантты. Ал қазір біз әр өңір тұрғындары Наурыз мерекесін қалай думандатып жатқанын көрсететін боламыз. Ең бірінші болып тікелей қосылымға өңіріміздегі «Алпамыс» бөбекжай бақшасы қосылды. Шараның бел ортасында жүрген тілшіміз Әділбек Әбузар қолдағы бар ақпаратымен бөліспек.
Әбузар тілші: Рақмет Әдемі.Ел жаңарып, жер көгеріп қазақ жеріне ұлыстың ұлы күні қадам басты. Әз наурыз мерекесі елімізде елеуліде ұлық мейрам.Сондықтанда өңірімізде ерекше аталып өтуде. Мен өзім «Алпамыс» бөбекжай бақшасындамын. Мұнда наурыз мейрамы кешеден бері тойлануда. Қазіргі таңда «Білімділер бекеті» тобында мерекеге орай ұлттық дәстүрлер ұлықталып, дәстүрлі әуезді әуендер шырқалумен қатар, сананы сергітетін ұлттық ойындар ойнатылуда. Ендеше көнілді экраннан көріп отырған көрермен үйде отырғанша осы мерекені келіп тамашалауға шақырамын.
«Сүйінші» салт дәстүрі
«Әдемі: Алақай! Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! Наурыз мерекесі басталды! Сүйінші-і-і-і!
Жансая: Әдемі, дауысың анау жаққа жетіп жатыр, қуанышыңа не себеп болды?
Әдемі: Наурыз мерекесі келіп жетті ғой, Наурыз мерекесін бірге тойлайық
Жансая: Сүйіншілеп келген құрбым, қадамыңа нұр жаусын! Жомарттықтан жаңылмайын, қазағымның салты бойынша, мына әшекейді тарту еттім.
Әдемі: Рахмет, Жансая.
С.Сұңғат: Оу, сұлу қыздар! Мұнда не істеп жүрсіңдер?
Әдемі: Біз наурыз мерекесін тойлауға дайындалып жатырмыз.
С.Сұңғат: Наурыз келіп жеткен бе? Мен достарымды шақырайын. Ау, жігіттер келіңдер
Көрісу.
Әбузар: Сұңғат досым! Наурыз мерекесінде көрісіп құшақтасайықшы. Себебі салт бойынша өткен жылдан аман-есен шығып, жаңа жылға жеткеніміздің өзі бір ғанибет емес пе?!
С.Сұңғат: Жөн екен! Келші, досым! Амандықпен қауышайық!
(Жігіттер С.Сұңғатпен амандасып, көрпешеге отырады)
Әдемі: Жігіттердің барлығы осында екен, олай болса қыздар, бізде құрбыларымызды шақырайық.
(Қыздар кіреді,амандасады, көрпешеге отырады)
Әдемі: Достар,бәріміз түгел жиналыппыз. Олай болса жігіттерден ән сұраймыз.
Жеке ән: «Ассалаумағалейкум» С.Сұңғат, Әбілмансұр
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/merekeler-zh-ne-ojyn-sauy/176-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeId380d20a9f9
Әбузар: Достар, білесіңдер ме қазақ халқы «Ас атасы - нан» деп нанды аса қатты қадірлеген.
Әдемі: Дұрыс айтасың Әбузар , Нан – дастархандағы ең қастерлі тағам. Оның түрлері өте көп. Бөлке нан, таба нан, тандыр нан және бауырсақ.
Әдемі: Ал ең қызығы біздің тобымыздағы Дильназ аруымыз наурыз мерекесіне бауырсақ пісіріп жатыр екен. Дильназ анасымен бірге бізге бауырсақтың жасалуы туралы мәлімет бергісі келеді. Тыңдап көреміз бе?
Дильназ анасымен бауырсақтың дайындалуын таныстырады.
Әдемі: Дильназ мен анасына қошеметтеріңіз. Бүгінгі тойға ару қыздарымыз биден шашу шашпақ. Олай болса тамашалайық.
Би:«Ұршық» қыздар
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/merekeler-zh-ne-ojyn-sauy/176-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeId0c8f168093
Әдемі: Наурыз бұл қазақ халқының жаңа жылы. Ал әлем халықтары жаңа жылды әрқалай тойлайды.
Әбузар: Дұрыс айтасың, мысалы қытай халқы жаңа жылды ақпан айында қарсы алып, қызыл түсті киім киіп тойлайды.
Әдемі: Ал Жапонияда жаңа жыл мемлекеттік мереке ретінде 1 қаңтарда тойланады. Ал біздің қазақ халқы 22- ші наурызда тойлайды.
Әбузар: Иә, өйткені осы күні күн мен түн теңеліп, күн ұзарып, түн қысқарады. Осынау керемет мереке қарсаңында әр отбасында дастарқан жайылып, ақ мол қойылады. Қыдыр ата елді аралап, әр отбасына жақсылығын, қуанышын әкеледі.
Әдемі: Иә, расымен олай болса Қыдыр атамыз қайда екен? Бізге биылғы жылға көп қуанышты өзімен бірге ала келіп, батасын берсе екен.
Әбузар: Олай болса, тұра бермей Қыдыр атаны шақырайық.
Балалар: Қыдыр ата, Қыдыр ата, Қыдыр ата.
Қыдыр ата:Армысың жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Мерекелерің құтты болсын!
Әбузар: Әумин, айтқаныңыз келсін, ата.Қош келдіңіз Ата!Біз Сізді ұзақ күттік. Бізбен бірге мерекені тамашалайсыз ба? Рахмет.
Әдемі: Ал қыздар, бәріміз осындамыз, Қыдыр атада келді. Енді тойдың ең басты тағамын ортаға алдырамыз ба?
Әбузар: Әрине, алдарыңызда Раяна анасымен наурыз көже туралы айтып береді.
Раяна анасымен Наурыз көженің дайындалу жолын таныстырады.
Әбузар: Рахмет, жарайсың Раяна.Қыздар, біздің ер жүрек жігіттеріміз де өнерден құр алақан емес қой, жігіттерден би сұрамадық па?
Әдемі: Егер жігіттер келіссе, неге сұрамасқа?
Әбузар: Тамаша, жігіттердің биін қарсы алыңыздар.
Би: «Батырлар» жігіттер
http://alpamys-land.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/merekeler-zh-ne-ojyn-sauy/176-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeIdcc26d758d6
Әдемі: Қыдыр ата менің достарым мерекеге арнап тақпақ айтқысы келеді, тыңдайсыз ба?
1- Дильназ: Ұлыс күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен
2.Мумтаз: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!
3.Әсима:Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
4.Нұриман:Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
5.Айдын: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Әдемі: Ым, дәмдісін – ай! Мына дженттің дәмі ерекше екен.
Әбузар: Ал бұл джент қалай дайындалады екен?
Әдемі: Оны Алуадан сұрайық. Алдарыңызда Алуа әжесімен джент туралы мәлімет береді.
Алуа әжесімен дженттің жасалуын таныстырады
Әбузар: Осы Наурыз мерекесінде неге айтыспасқа?
Балалар: айтысамыз, айтысамыз!
С.Сұңғат:Аспанда ұшып жүрген қаз баласы
Жылқының жайылмайды аз ғанасы
Ағайын танымасақ танысайық
Мен болам қазағымның ер баласы
Сабина: Өнердің ашып есігін
Шешендік сөзбен көсілдім
Таныстырсам өзімді
Сабина менің есімім
С.Сұңғат:Сырымбет атам аты, Мұрат әкем
Сұңғат деп ат қойыпты маған әжем
Қатардан озып шыққан Сәбина қыз
Мүсінің тал шыбықтай неткен көркем
Сабина: Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
Дайынсың ба мектепке
Соны айтып білдіргің.
С.Сұңғат:Сұлуым көріп тұрсың талабым бар
Қыздарға көз алдырмас жанарым бар
Халқыма болашақта пайдам тиер
Елбасы болатындай арманым бар
Екеуі бірге:Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалғанба ақыннан
Қыдырата: балаларым, жарайсыңдар! Мен де құр алақан емеспін! Өздеріңе арнайы сыйлығымды ала келдім. Батамды берейін! Қыдыр ата Т. Сұңғат: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!
«Оркестр әні » Нұрым,Данияр, Айару, Жансая, Т.Сұңғат, Мұса, Алуа
Әдемі: Әбузар кәне ұлдар жылдам ба, қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр. Ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын: «Қыз куу»
Шарты: Бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Хор: «Қош келдің, төрлет Наурызым!
«Кызылорда тв» арнасынан сөйлейді.
Әбузар тілші:
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін.
Пәле-жала жерге енсін.
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!– депосымен дайындаған «Алпамыс» бөбекжай бақшасындағы «Білімділер бекеті» тобындағы шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!
Әдемі:Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына