Тобы: «Бал бала» «Негеш» топтары

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдері кеңейеді. Ойлап, қайта жаңғыртып, еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйренеді. Балалар көтеріңкі көңіл- күйде  болады.

Кейіпкерлері:

Ата- Алтынай,

Әже- Жанна,

Аю- Жадыра,

Маша- Айдана

Автор:Ерте-ерте ертеде, атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың Маша атты кішкентай немересі болыпты. Бір күні құрбылары орманға жидек пен саңырауқұлақ жинауға бармақшы болып, Машаныда шақырады.

Маша: -Ататай, әжетай, құрбыларыммен бірге мен де орманға барайыншы!

Атай мен әжей сонда:

– Барсаң бара ғой, бірақ құрбыларыңнан қалып қойып, адасып кетіп жүрме. Абай бол! – деп ескертіпті.

Автор: Қыздар орманға жеткен соң, жидек, саңырауқұлақ тере бастайды. Маша да қалыспай, жидектен жидекке, саңырауқұлақтан саңырауқұлаққа қызыға ұмтылып тере беріпті. Сөйтіп жүріп құрбыларынан қалай алыстап кеткенін аңғармай қалыпты.

Маша: Қыздар қайдасыңдар? Дауыстарың да естілмейді. Мен енді не істеймін?Орманда жүре-жүре, мүлде адасады.

Кенет орман алаңқайынан бір үйшік көреді. Маша үйшікке келіп ескті қағады. Ешкім жауап бермейді. Есікті итеріп қалғанда, ашылып кетеді.

Маша:  «Мұнда кім тұрады екен? Ешкім көрінбегені несі?...»

Аю: – Әп, бәлем, – енді сені жібермеспін! Менімен бірге тұратын боласың! Пеш жағасың, ботқа пісіресің, мені тамақтандырасың. Бұл үйшікте мен тұрамын. Күндіз орман аралап, кешке қарай үйшігіме ораламын.

Маша: Маша мұңайып үндемейді. Осылайша ол аюмен бірге үйшікте тұра бастайды. Тамақ жасаймын, үй жинаймын, кір жуамын енді осы жерде қаламынба?

Аю: Мен орманға кеттім, күні бойы орманда боламын. Маша менің  рұқсатымсыз  үйшіктен аттап баспа, үйде бол- деп ескертеді.

– Егер де кететін болсаң, сені бәрі бір тауып аламын да, жеп қоямын!

Маша:  аюдан қалай қашып құтылудың амалын іздейді. Айнала ну орман, қай бағытқа барарын, кімнен сұрарын білмейді...

Ақыры ойлап-ойлап амалын да тапты-ау. Бір күні аю орманнан келген соң Маша оған былай дейді:

– Аю, аю, мені ауылға бір күнге жіберші, атам мен әжеме сәлемдеме апарайын деп едім.

Аю: – Болмайды, сен орманда адасып кетесің. Сәлемдемеңді маған бер, өзім жеткізіп беремін!

Машаға да керегі осы еді! Ол көп қылып дәмді күлше пісіреді. Оны бір үлкен қорапқа салады да, аюға айтады:

Маша: Қара, мінеки: күлшені қорапқа салып қойдым, осыны атам мен әжеме жеткізіп бер. Есіңде болсын, қорапты жолда ашпа, күлшеге қолыңды тигізбе! Мен биік еменнің басына шығып алып, сені бақылайтын боламын!

– Жарайды, – депті аю, – қорапты бер!

Маша сонда аюға:

– Жаңбыр жауып тұрған жоқ па екен, есік алдына шығып қарап келші! –депті. Аю есік алдына шыға бергенде, Маша жалма-жан қорапқа кіріп, күлше толы тегешті басына көтеріп отыра қалыпты.

Үйге кері оралған аю дайын тұрған қорапты көреді. Қорапты арқалап алып ауылға тартады.

Аю: Отырайын түбірге,

Күлшелерді мен жеуге!

Сонда қораптағы Маша:

Көріп тұрмын бәрін де!

Отырма аю түбірге,

Күлшелерді сен жеме!

Жеткізіп бер, атама,

Жеткізіп бер, әжеме!-дейді.

Аю: – Түу, көзі неткен өткір еді, – дейді аю, – алыстан бәрін көріп тұр!

Ол қорапты арқалап ары қарай аяңдайды.

Ақыры атай мен әжей тұратын ауылға да жетеді. Атайдың үйіне келіп қақпаны сындырып жіберердей тарсылдатып қаға бастайды.

– Тоқ-тоқ-тоқ! Ашыңдар есікті! Мен сендерге немерелерің Машадан сәлемдеме әкелдім!

Аю келгенін сезіп қалған ауыл иттері оған тұс-тұсынан арсылдай тап береді. Қорқып кеткен аю қорапты тастай салып, алды-артына қарамастан орманға қарай зытады.

Бұл кезде атай мен әжей де қақпаның алдына келген еді. Қақпаның ашып қараса, бір қорап тұр.

Әжей: – Бұл не қорап болды екен ә? – дейді.

Атай қораптың қақпағын ашып жібергенде, өз көзіне өзі сенбейді! Мәссаған, қорапта аман-сау, томпиып немересі Машатайы отыр екен. Атай мен әжей Машаны көргенде қуанғаннан күле беріпті, «ақылыңнан айналдық!» деп кезек-кезек  құшақтап, сүйе  беріпті.

Сұрақ – жауап: «Қай ертегіні тыңдадық?»

Флешмоб: «Кейіпкерлермен көңілді би»