«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған
іс – шара жоспарының
Анықтамасы
23 қыркүйек, 2021 жыл
Анықтама бойынша «Алпамыс» бөбекжай-бақшасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты іс-шара жоспары әзірленіп бекітілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты ай сайынғы тақырыптық бағыттар бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып, өз жалғасын табуда. «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында «Әмбебап балдырған», «Жас ізденімпаз», «Білімділер бекеті», «Зерттеуші бүлдіршін», «Ғажайыптар әлемі» мектепалды, ересек, ортаңғы топтары арасында мәнерлеп оқу сайысы болып, барлығы 14 бала қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерді елін сүйіп, құрметтеуге үйрету, мәнерлеп оқуға ерте жастан баулу, сахна мәнерін, сахна мәдениетін көрсетуіс-шараға аймақ дамуына үлес қосқан ел азаматтарын қатыстыра отырып өткізу.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрмет Орденінің иегері, Сырдария ауданы мен Қызылорда облысының құрметті азаматы Алпысбайұлы Бақытбек мырза қатысып, балалармен өз өмір жолымен бөлісіп, үлгі болар жолын балаларға насихаттады.
http://alpamys-land.kz/kz/zhanaly-tar/114-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-30-zhyldy-yn-merekeleu-ayasynda-jymdastyryl-an-is-shara-zhosparyny.html#sigFreeIdd8082dc8a6