Қызылорда қаласы «Алпамыс» бөбекжай бақшасы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Бас ғимаратында өткізілген, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне енгізудегі Инновациялық іс-тәжiрибелер» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық семинарға  қатысты.
Семинарға балабақшадан «Тәрбие жұмысын өзін-өзі тану пәнімен интеграциялаудың мүмкіндіктері» бөлімінде Махмутова Гүлмейрам Болатбекқызы  «Алтын күз» тақырыбында ерікті студенттермен ықшамдалған практикалық жұмысын көрсетті.
«Өзін-өзі тану пәнін жалпы  және кәсіби білім салаларымен ықпалдастыру» іс-тәжірибесінде Алмасова Жадыра Алтынбекқызы  сурет оқу қызметі бойынша, «Табиғаттан үйренейік»  тақырыбында ықшамдалған оқу қызметін көрсетті.
«Өзін-өзі тану пәні рухани-адамгершілік – білім бастауы» бөлімінде  балабақша тәрбиешісі Ибраева Ақерке Аманжоловна өзін-өзі тану пәні бойынша «Мен әдепті баламын» тақырыбында еріктілермен ықшамдалған оқу қызметін көрсетті.  Қатысқан педагогтар Арнайы Сертификаттар мен Алғыс хаттармен марапатталды. Семинар жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.