"Алпамыс" бөбекжай-бақшасында «Жас ізденімпаз» мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Смағұлова Н. Таным білім беру саласы  бойынша "Көп, аз. Тәулік бөліктері" тақырыбы бойынша №2 педагокикалық кеңеске ойын түрінде ашық оқу қызметін өткізді. Балалар түрлі заттардың тең мөлшерін анықтай алды. «Көп», «аз» ұғымдарын салыстырып үйренді. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғым қалыптасты. Тәулік бөліктерінің реттілігін білді. Коммуникативтік-танымдық қабілеттері артты. Достарына көмек беріп, командада жұмыс жасады. Оқу қызметі өз деңгейінде  түрлі қызықты ойындармен құрастырылған.