"Алпамыс" бөбекжай-бақшасы "Танымал Тұлғалар мерейтойы" қарсаңында, еліміздің мақтан тұтар алып тұлғаларының құметіне іс-шара өткізді. Бірінші кезекше, "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін"- атты, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы.
"Жыр алыбы Жамбыл" тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ашық оқу қызметі де өткізілді.
Бұл жұмыстар арқылы, балалардың өмірінде ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР туралы жастайынан түсінік алып, оларға деген құрметі әрқашан биік болсын деген мақсатта тәрбиелейміз.