Бақшамызда STEAM – аббревиатурасы тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты «Таным» білім беру саласы бойынша, STEAM зертханасы арқылы баланың эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылығын оятып,сенсорлық танымын ойын-жаттығуларымен дамыту болатын.
Семинар барысында бағдарламаға сәйкес ортаңғы, ересек, мектепалды топтарының тәрбиешілері өз тәжірибелерімен бөлісті.Тәрбиешілер бейнероликтер,суреттер арқылы астрономия,химия,биология зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жаңашыл формаларын,әдістерін көрсетіп,ондағы жаңалықтармен бөлісіп,зерттеу жұмыстарының ерекшеліктеріне және де тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар заманауи Фанкластик құрастырғыш арқылы балалардың құрастырымдылық қабілеттерін дамытуға жұмыс көрсетілді.Балалардың жас ерекшеліктерін сақтай отырып әртүрлі қызықты зерттеу жұмыстары көрсетілді.
http://alpamys-land.kz/kz/zhanaly-tar/86-steam-abbreviaturasy.html#sigFreeIdc9a86a8817