Тақырыбы: «Атамның шеберханасы!»

Мақсаты: Халқымыздың өнерін,салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Ер балаларды қазақ халқының ата кәсібі жылқы малы жайлы және ат әбзелдерімен таныстыру. Қамшы туралы түсінік беру, қамшы түрлерімен таныстыру.Қамшы өру өнерінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Қамшы өру өнеріне қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерге құрмет көрсетуге, салт- дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу Қолданылатын көрнекіліктер: Қамшы түрлері. Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, көрсету.

 Барысы: Ата: Ассалаумағалейку, Ой айналайындар келе қойыңдар. Мен Әли-Асқардың атасы боламын. - Сәлеметсіз бе? Ата біздің балаларға Халқымыздың қандай қол өнерін алып келдіңіз? Біз атамның шеберханасы жайлы әңгімелескен болатынбыз. Ата: Өркендерің өссін. Иә, мен ата бабамыздан келе жатқан қамшы түрлерін алып келдім. Сендер қамшы дегенді білесіңдер ме? Немерелеріме қамшы жайлы айтып, қалай өрілетінін көрсетейін деп келдім. Ал , енді мені мұқият тыңдай қойыңдар. Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде қамшының алатын орны ерекше. Қамшы өнер туындысы, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі, тіпті, кейде батырдың қаруы да болған. Қамшы ат айдайтын құрал деп айтуға болмайды. Әрбір қара домалақ қазақ атқа мінбес бұрын қамшыны қолға алады немесе үй төрінде ілулі тұрады. Ал, балақайлар сендер қамшының неден қалай жасайтынын білгілерің келеді ме? Мен қазір сендерге қамшыны өріп көрсетемін. Қамшы қайыстан өріліп бекітілген өрім және өрім мен саптың арасын байланыстырып тұратын алақан делінетін негізгі үш бөліктен тұрады. Қамшы әбден иленген сиыр терісінен 3 таспадан 40 таспаға дейін өріледі. Таспа неғұрлым көбейген сайын жіңішкере береді, әрі ажарлана, күрделене түседі. қамшының бірнеше түрі, яғни, бірнеше атауы бар. Мәселен, ат қамшы, ұзын қамшы, қасиетті қамшы, бала қамшы, құрау қамшы. Керегеге іліп қою үшін саптың дүм жағынан бір тұтамдай қалдырып, тесіп, қайыстан бүлдірге өткізеді. Қазақтың салт-дәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, ережелері болады. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу керек. Жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды.

-Балалар, сендерге ұнады ма? Ата бізге не жайлы айтты? –Қамшы. Қамшыны ер балалар ұстайды екен. Атамызға рахмет айтамыз. Сау болыңыз!