«Алпамыс» бөбекжай бақшасы  КМҚК

«Ертегіде қонақта»

(Жеті лақ ертегісі)

Тобы: Кіші топ, Ортаңғы топ

Қызылорда, 2024 ж

 Ертегіде қонақта спорттық мерекесі

(Жеті лақ ертегісі)

Міндеті: Балалардың  театр әлеміне деген  қызығушылықтарын  қалыптастыру.  Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып, қимыл арқылы көрсетуге үйрету.

Автор: Ерте, ерте, ертеде орманда ешкі өзінің жеті лағымен өмір сүріпті. Ешкі орманнан азығын тауып, жинап әкеледі екен. Ешкі орманға кетерде лақтарын шақырып былай дейді.

Ешкі: лақтармен билейді.

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым мен сендерге азық әкелуге орманға барамын есікті ешкімге ашпаңдар, мен өзімнің әнімді айтқанда ашыңдар. Жарайды ма?

(Ойыншықпен ойнап отырады)

 

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,есікті ашыңдар аналарың сендерге азық әкелді.

Лақ: Сен біздің анамыз емессің. Біздің анамыздың даусына ұқсамайды.

 

Қасқыр: Қап, қайтсем екен аа?

Ешкі: Келеді    (әкелген азығын лақтарына береді)

Лақ: Сіз жоқта бізге қасқыр келді. Біз даусын танып қойып есікті ашпадық.

Ешкі: Енді мен сендерге шөп әкелемін сендер есікті ашпаңдар мен әндеткенде ғана ашыңдар.

 

Автор:  Ешкі орманға кеткенде қасқыр келеді даусын жіңішкелетіп әндетеді.

(Қасқыр лақтарым, шырақтарым есікті ашыңдар аналарың келді)

Лақ: Алақай, алақай анамыз келді.

Автор: Лақтар есікті ашады. Қасқыр лақтарды алып кетеді. Тек кішкентай лақ пештің ішіне тығылып, аман қалады. Ешкі оралғанда лақтарын таппай қайғырады.

шкі: Мә, мә, мә, мә лақтарымды қасқыр әкетіпті, енді қайттім!

Автор: Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады. 

Лақ: Анашым сіз орманға кеткенде, біздің үйге қасқыр келді,біз сіз екен деп, есікті ашып жібердік.  Менің бауырларымды алып кетті.

 

Ешкі: Жүр олай болса орманнан қасқырды іздейік.

Ешкі мен лақ келе жатқанда алдарынан қасқыр шығады. Қасқыр сен лақтарымды қайда жасырып қойдың тез қайтар.

Қасқыр: Жоқ мен лақтарыңды бере алмаймын менің қарным ашып тұр,  қарнымды тойдырыңдар мен лақтарды қайтарамын.

 

Ешкі: Жарайды олай болса біз саған менің достарыммен бірге балық аулап берейін.

Кіші топ: Ойын

Құрсаудан қос аяқтап секіріп, балық аулайды.

 

(Қасқыр балықты жеп қарны тояды)

Қасқыр: Менің қарным тойды бірақ мен енді ойын ойнағым келіп тұр.

 

Ортаңғы топ: “Кім жылдам”

Кедергілер арасынан самокатпен жүріп өтіп,  түрлі-түсті доптарды жинау.

 

Қасқыр: Ой жарайсыңдар сендер менің қарнымды тойдырдыңдар  және менімен бірге ойын ойнадыңдар, көңілім көтерілді ендеше мен ешкінің лақтарын берейін.

Ешкі мен лақтар қауышады.  Ешкі рахмет айтады.