Топ: «Жас ізденімпаз» мектепалды

Тәрбиеші: Бегалиева К.У.

Автор: Асыл

Ертеде тышқан мен торғай дос болыпты.

(Торғай мен тышқан ортаға шығады)

Торғай- Сымбат: Тышқан екеуіміз бұрыннан доспыз ғой, бос жүрмей мына кең далада еңбек етейік.

Тышқан- Айша: Торғай қандай еңбек жасаймыз, не істейміз?

Торғай:Егін егейік, сен аяғыңмен жерді қаз, ал мен тұмсығымен дән себейін.

Тышқан:Жарайды келістік, олай болса екеуіміз бірігіп еңбек етейік

Автор:Сөйтіп торғай мен тышқан бірігіп кең егіс даласына бидай егуге кіріседі

Тышқан жерді аяғымен қазады, торғай тұмсығымен дән себеді.

(Тышқан жерді аяғымен қазады, торғай дәнді тұмсығымен себеді)

Егін өте жақсы шығады

Торғай:Тышқан досым екеуіміздің еңбегіміз далаға кетпепті, қарашы бидайымыз жайқалып шығыпты

Тышқан:Я торғай досым дұрыс айтасың, енді екеуіміз бидайды тең бөлісіп алайық

Автор: Торғай мен тышқан өскен бидайды жинап тең бөлісе бастайды, бір бидай артылып қалады, екеуі бір бидайға таласып жанжал шығады

Торғай:Тышқан бұл бидай менікі себебі мен дәнді тұмсығымен септім, егінге түскен барлық құрттарды құрттым, күнде үстіне ұшып жүріп егінді күзеттім, сондықтан бидай менікі

Тышқан:Жоқ торғай бидай менікі, себебі мен жерді аяғымен қаздым, аузымен дән отырғыздым саған бере алмаймын

Торғай:Тышқан екеуіміздің таласымыздан ештеңке өнбес оданда торғайлар билеріне барып, солардан кеңес алайық.

Автор:Торғай тышқанды ерітіп торғайлардың биіне алып келеді

Торғайлар- Мүслима, Хантөре:Я бізге қандай мәселемен келдіңдер, айта беріңдер, сендерді тыңдауға дайынбыз

Торғай:Біз тышқан екеуіміз келісіп бірігіп бидай отырғызғанбыз, мен бидайды тұмсығымен отырғыздым, ал тышқан болса аяғымен жер қазды, бір дән артық қалып, соған келісе алмай сіздерге келіп отырмыз, қандай кеңістеріңіз бар

Торғайлар: Біздің кеңесіміз бұл дән торғайға тиесілі, себебі торғайдың еңбегі саған қарағанда күштірек екен, егінге түскен барлық құрттарды құртқан, күнде үстіне ұшып жүріп егінді күзеткен

Тышқан:Жоқ мен келіспеймін, мағанда кеңес беретін тышқандар биі бар, соларға барып кеңестерін алмай дәнді торғайға бере алмаймын

Автор:Тышқан мен торғай үлкен торғайлардың кеңесіне келіспей әрі қарай үлкен тышқандарға келеді

Тышқандар- Ханшайым, Ғабидин:Тышқан, торғай бізге не мақсатта келдіңдер, сендерді тыңдайық

Тышқан:Біз торғай екеуіміз бидай еккенбіз, мен жерді аяғымен қаздым, ал торғай болса тұмсығымен дән септі, еккен бидаймыз жақсы өсіп дәнді бөліскенбіз, сөйтіп бір дән артық қалды, сол дәнді мен алғым келеді, бізге қандай кеңес бересіздер, соны білуге келдік

Тышқандар: Я дұрыс бірақ бұл дән тышқанға тиесілі, себебі тышқанның күші торғайға қарағанда көбірек екен, ол тырнағымен жер қазып, ұртымен бидай сеуіпті

Торғай:Жоқ мен келіспеймін, дәнді тышқанға бермеймін, меніңде еңбегім бар

Автор: Екеуі келісе алмай таласып келе жатқанда далада жүрген атайға кездеседі.

Атай-Рахош: Торғай, тышқан не болды даланы бастарыңа көтеріп жанжалдасып келе жатырсыңдар, не болды; кәне маған айтыңдар не үшін таласып келе жатқандарыңды?

Торғай мен тышқан жарысып айтады біз бидай еккенбіз,

Тышқан: мен жерді тырнағымен қазып, ұртымен бидай септім,

Торғай: мен тұмсығымен дән септім, егінге түскен барлық құрттарды құрттым, күнде үстіне ұшып жүріп егінді күзеттім

Атай:Жарайды екеуіңніңде еңбектерің өте күшті, (не істесем екен ойланады)

Қане маған қолдарыңдағы дәнді беріңдерші

Автор:Атай бидайды алып екеуіне тең бөлісіп береді

Тышқан мен торғай: Атай сізге көп рахмет сау болыңыз

Автор:Сөйтіп тышқан мен торғай қайта достасады, ертегіміз торғай мен тышқанның достығымен аяқталды. Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол деген мақал осыдан қалған екен.