КМҚК «Алпамыс»  бөбекжай бақшасы

  

“Орманның  тату тұрғындары”
(ертегі
)

 

Тәрбиеші: Шардарбекова А.И
                     Көптілеуқызы Ә

                    

2025 оқу жылы

«Орманның тату тұрғындары» ертегісі


Автор: Ертеде ормандағы барлық аңдар  тату-тәтті өмір сүріпті. Орманда аю, қасқыр, қоян да турады екен.
Бір күні орманға айлакерлігімен, аты шыққан түлкі келеді.
Түлкі: Мына орманның тұрғындары аңқау екен. Мен оларды алдап, азықтарын алып тойып алайын. Ең аңқауы аюдың қыстың қамына деп жинаған балы көп екен. Қазір мен оны алдап соғайын.

Аю үйінен шығады.
Түлкі: Аю аға, мені сізді  әрең  дегенде іздеп таптымауу, бал ұяңызға үлкен қауіп төніп тұр.
Аю : Түлкіжан қорқытып жібердіңғой тезірек айтсаңшы қандай қауіп, не болды?
Түлкі:Түнде аламан дауыл болады екен, аю аға сіз балыңызды маған беріңіз, қауіпсіз жерге жасырып қояйын .
Аю: Ой түлкіжан жақсы болдығой. Сен болмаған нестер едім? Рахмет саған.
Түлкі : дауыл басылған соң әкеліп беремін Аю ағаааа
Автор:Түлкі аюды алдап балын алып келе жатса , алдынан балық аулап отырған қасқыр кездеседі.
Түлкі: Ау қасеке ,өзіңді кездестіргенім  жақсы болды ғой. Сені қайдан тапсам екен деп асығып келе жатыр едім.

Қасқыр: Түлкіжан не болды,неге асығып келесің? Мені неге іздедің?


Түлкі: естімедің бе, үлкеннн аламан дауыл келе жатыр дейді,сені таппай дауыл сені ұшырып алып кетема деп қорқып іздеп келемін. Тезірек жиналда  бір тасаға жасырын.Ал  мына балықтарыңды маған бер, мен қауіпсіз жерге жасырып қояйын. Дауыл басылғанда аларсың
Қасқыр: Ой түлкіжан айтқаның жақсы болды ғой, сен айтпағанда балығыммен бірге аспанға ұшып кетермедім? Мен тезірек барып өзіме қауіпсіз жер іздейін,
Түлкі: Мына аю өзі үлкееен болса да, ал қасқыр өжет болса да маған оларды алдау түкке тұрмады ғойй.. Ай аңқауларымайййй.
Автор: Түлкі  тапқан олжасын алып келе жатқанда , алдынан қоян кездесіп қорыққанынан артқа ытқып секіріп түседі.
Түлкі : ай көлеңкесінен қорыққан қоян,  сені жемесін десең ана қолыңдағы жидек толы кәрзеңкеңді маған бер

Қоян; ала қой түлкі апке, ала қой , ойййй құтқарыңдаааррр деп қашып кетеді.
Автор: Жылап айқайлап келе жатқан қоянның алдынан қасқыр мен аю шығады.
Қасқыр: Ау қоян қайда асығып барасың? Сен  түлкіні көрмедің бе? Тоқтай тұр, сен неге жылап келесің?
Қоян: Түлкі мені қорқытып  кәрзеңкемді тартып алды.
Қасқыр: қап бәлем ол саған да жеткенбе?
Аю: Қасқыр, түлкі сені де алдап кеттіме. Орманымыздың тыныштығын бұзған бұл айлакер түлкіге нестесек болады?
Үкі: алыстан ұшып келіп, орманымыздың тыныштығы үшін әділ шешім қабылдауымыз керек. Түлкінің айласын тоқтату керек, бірақ оны  орманнан қумайық.
Қасқыр: Мен ашулымын, егер тағы да алдаса жазасын беремін.
Барлығы түлкіні шақырады. ТҮЛКІІ ШЫҚ АЙЛАКЕР ТҮЛКІ
Түлкі ұялып шығады: Мен  қателестім, аюдың балын да , қасқырдың балықтарын да қоянның кәрзеңкесін де қайтарып беремін , мені кешіріңдерші,
Үкі: Ормандағы әр аңдар бір-біріне адал болсын. Айла жол емес, татулық бақыттың бастауы.
Автор: Түлкі содан кейін алдауды қойып, орман тұрғындарымен бірге тату болыпты.Ал орман бұрынғыдан да тыныш бақытты мекенге айналыпты.