Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Білім беру саласы: Қоршаған орта
Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті: ойын түрінде

Міндеттері: Ертегіні мұқият тыңдауға, кейіпкерлерге деген жанашырлық таныту. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Сурет салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беруге баулу.

Танымдық қызығушылықтарын арттыру, 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту.

Кіріктірілді: Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту, физикалық қасиеттерді дамыту, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

(қоршаған орта, көркем әдебиет, сурет салу, математика, дене шынықтыру)

Барысы:

Ойын іс-әрекетін бастамас бұрын көңіл-күйлерін сұрап, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

-Балалар, көңіл-күйлерің қалай? (жақсы)

-Бүгінгі күнге не тілейміз? (сәттілік)

- Жарайсыңдар, балалар. Олай болса жақсы көңіл-күймен бігінгі ойынымызды бастайық. Балалар, мен сендерге «Білезік» ойынын алып келдім.

«Білезік» ойыны

 Қараңдаршы суреттің жарты бөлігі берілген. Соны алып қолымызға тағамыз, екінші бөлігі кімде бар сол бала мен жұптасып тұрамыз. Суретке қарап әңгімелейміз.

 

-Жарайсыңдар, балалар өте тамаша.

Ал енді балалар осы ерекшеліктердің бәрі қай мезгілде болады?

Қыс мезгілінде. Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ал, балалар қараңдаршы бұл не?

-Қобдиша

-Балалар бұл жәй қобдиша емес, сиқырлы қобдиша екен.

Бұда не бар деп ойлайсыңдар, кане кім айтады.

Ашып көреміз бе?

Бұл сиқырлы қобдиша сендерге арнап өзінің тағы да бір ертегісін алып келіпті.

«Түлкі мен қасқыр» ертегісі

Балалар сендерге қыс мезгіліне арналған «Түлкі мен қасыр» ертегісін айтып беремін. Сендер мұқият, зер салып тыңдаңдар. Жарай ма?

«Сиқырлы қобдишадан конус театры арқылы ертегі айтып беру.

-Балалар ертегі сендерге ұнадыма? -Иә

-Қандай кейіпкерлер бар екен? Ата, әже, түлкі, қасқыр

-Түлкі не істеді? Қасқырды алдап кетті

- Түлкінің жасағыны дұрыс болды ма? –Жоқ

Тақтаға назар аударайық.

Қасқыр жасанды интелект сөйлеп көмек сұрайды.

-Көмектесеміз бе?

«Балық аулау» ойыны

-Балалар алдарында балық аулау ойыны тұр. Қолымызда нау қармақ, қармақтың басында магнит бар, осы магниттің көмегіменен балықты аулау арқылы алдымыздағы ұяшықтар санына сәйкес орналастырамыз.

 

А-а-а Балалар, жана ертегімізде қасқырдың құйрығы суға салған еді мұз болып қатып қалды. Балалар дала суық болады жылдың қай мезгілінде мұз қатады. Дұрыс айтасыңдар балалар. Олай болса қазір біз қызығушылық алаңында аққаланың суретін дәстүрден тыс салатын боламыз. Күнде біз қылқаламның көмегімен, гуашьпен сурет салып жүрміз. Бүгінгі жұмысымыз ерекшелеу болайын деп тұр. Бүгін біз мұзбен бояйтын боламыз.

«Біз суретшіміз» ойыны

-Балалар қараңдаршы бұл не?

Дұрыс айтасыңдар, Аққаламыз үш бөліктен тұрады. Түсі қандай?

-Балалар қараңдаршы біздің аққаламыз толық аяқталмаған екен, қазір біз осы аққаланың жетіспен тұрған бөлігін саламыз. Алдымен алдымызда тұрған ақ түсті мұзбен бояп аламыз, содан соң онығ қалпағын қызыл түсті мұзбен бояймыз. Алдымызда тұрған мақталы таяқшамен көздерін, түймесін және сыпырғышын саламыз.

 

«Хоккей» ойыны

Балалар хоккей таяқшасымен допты кедергілер арасынан айналып өтіп жүреміз, алдымызда тұрған шеңберге добымызды хоккей таяқша көмегімен саламыз. Сұраққа жауап беріп алдымызда тұрған сыйлықтарымызды аламыз.

 

Сұрақ-жауап: Бүгін біз қандай тәсілдермен жұмыс жасадық?

Сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?

Қайсы ойын қызықты болды.

Біз кімге көмектестік?

-Балалар, қыс несімен қызықты?

Қыста қар жауады. Біз қармен ойнаймыз. Сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз.

Балалардың білімін бағалау:

Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер. 

Балаларды мақтап мадақтау.