Тұздың құпиясы

Міндеті:

  • ас тұзы жайлы мәлемет
  • тұз және адам денсаулығы
  • түрлі - түсті боялған тұздар

Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен мқолданылады.Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдер суында 3,5 % - дан жоғары тұз бар көлдер жатады.Қазақстанда олар Каспий ойпатында, арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс,Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған.

 Күнделікті өмірде тұзды қолданбайтын адамды табу өте қиын. Себебі астың дәмін тек тұз кіргізе алатынын жұрттың бәрі жақсы біледі. Дегенмен тұздың емдік қасиеттері де жетерлік. 1 - 2 грамм ас тұзын меруерт ұнтағымен араластырған соң уксусқа ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген, сондай - ақ босаған тістің түбін қатады. Тістің кірін кетіреді. Зиянды жәндіктер шаққанда тұзды зығыр немесе балға қосып езеді. Сосын оған балшық қосып дәрі жасайды. Балшық қоспаса, кері әсер етуі ықтимал. Бұл дәрі уды қайтарады, ауырған жерді қойдырады.

Тұздың ағзаға тигізер әсері де мол. Ол асқазан сұйықтығының бөлініп шығуын молайтады, ас қорытуды күшейтеді. Ішектің қызметін жақсартып, кілегейлі қабаттың сұйықтық шығаруын арттырады. Үлкен дәреттің сыртқа шығуына тигізер пайдасы бар. Белоктың денеге сіңірілуіне де тигізер ықпалы мол.

Дегенмен әр адамның ас тұзын тек мөлшермен ғана қолданғанда ғана пайдалы болатынын ескергені жөн. Егер олай болмаса, кері әсер етуі мүмкін. Себебі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, орта жастан асқан, әсіресе жүрек, қан тамыр ауруларына шалдыққандардың тұзды белгілі бір мөлшермен қолданғаны дұрыс екен. Сондықтан осы жағын әркімнің біле жүргені абзал.

 

Тұздың емдік қасиеті

  • тіс ауырғанда
  • дене теміреткісіне
  • құлақ ауырғанда
  • тамақ ауырғанда
  • маса шаққанда

Мақал - мәтелдер

1.Ас тұзбен дәмді,

Ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен мәнді.

2.Астың дәмі - тұз,

Тұзды уыстап жемес.

3.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.

4.Тұз - асстың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің сәнін келтіреді.

Адам ағзасына қанша тұз керек:

  • 11 жас және одан жоғары болса - 6г (2300 мг натрий)
  • 7 - ден 10 жас аралығында болса - күніне 5 грамм
  • 4 жас пен 6 жас аралығында 3 грамм
  • 1 - 3 жас аралығында - 2 грамм тұз пайдалану қажет

Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз қырық аурудың емі. Ас тұзы жанға шипа, дерке дауа.

«Тұз суда ериді»

Тәжірбие үшін біз мөлдір стакан су алып, суға тұз құйып, байқай бастадыұ.

Қорытынды: сумен әрекеттескенде тұз ериді.

«Түрлі - түсті боялған тұздар»

Балалар, біз тұздың ақ түсті зат екенін анықтадық. Айтыңдаршы, тұзды түлі - түсті етіп жасауға бола ма?

Білейік. Тексерейік.

Бізге ол үшін гүлдің суреті, тұз, желім және бояулар қажет.

Ең алдымен гүлдің суретіне желімді жағып алып сосын тұзды себеміз. Тұзды сеуіп болған соң түрлі - түсті бояумен бояймыз?

Ас тұзын немесе кез - келген тұзды қолданар алдында ағзаңызға пайдасы да, зияныда бар екенін түсіну қажет. Мөлшерінен асырмаңыз!