Мақсаты: Жасанды интеллект арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауы мен шығармашылығын дамыту. Балалардың танымдық және зияткерлік қабілеттерін арттыру үшін интерактивті ойындар, жаттығулар ұйымдастырылады. Жасанды интеллект балалардың психологиялық және эмоционалдық жағдайына сәйкес тапсырмаларды ұсынып, оларды қызықтыруға бағытталған.

Сәлемдесу.

Интерактивті тақтада балаларға түрлі түсті түстер берілген. Балалар бір түсті тандап басады. Таңдаған түсінде қандай сәлемдесу түрі тұрса, соны қайталап жасайды.

1.«Қыс қызығы» пазл
Мақсаты: Баланың ақыл - ойын, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, қол және саусақ моторикасын дамытады. Тақтада қыс қызығы бейнеленген пазлдар береміз. Балалар сурет қиындыларын тауып құрастыру қажет. Ойын барысында балалар балалар заттарды танып біледі, қол моторикасы дамиды, ойынға қызығушылық танытады.

2. «Сәйкестендіру»
Мақсаты: Балалардың зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, ойлау сияқты танымдық үдерістерін дамыту. Геометриялық пішіндерді топтастыруға теңестіруге жаттықтыру. Пішіндердің қоршаған ортадағы заттарға ұқсастығын түсіндіру. Геометриялық пішіндерді үш сипаттама арқылы топтай білуге түсі, көлемі пішіні үйрету. Пішіндерді ажыратып салыстыруды үйрету.

3. «Көршісін тап»
Мақсаты: 1 - 5 - ке дейінгі сандарды реттік санауды үйрету. Ойлау қабілетін, байқампаздығын , ойынға деген қызығушылығын дамыту. Сандардың көршісін таба білуге үйрету. Балаларға пойыз және оның вагондары берілген қажет сандарды тауып өз орындарына ретімен дұрыс орналастыру қажет.

Қорытынды: «Көңілді смайликтер» ойыны
Балаларға тақтада смайлик түрлері берілген. Балалар бір смайликті таңдап бүгінгі жасанды интеллект ойыны қызықты болды ма ? Қайсы ойын өзіне ұнады соны айтып, көңіл - күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.