Міндеттері: Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру.Көру зейінін және қабылдауды, есте сақтауды, сипап сезу, ұсақ моторика қабілеттерін іс-әрекетте дамыту. Ересектер мен   құрдастар арасында  еркін қарым-қатынас жасай алады.Байланыстырып сөйлейді.Шығармашылық қабілеттері артады.
Ойын арқылы танымдық эмоцияналдық дағды қалыптастырады

Әдіс-тәсілдері: Ойын, бақылау

 

ҰІӘ басы

Көңілді әуенмен амандасып кіреді.

Тыныштық бұрышында баларға «Теңіздегі достық» ертегісін оқып беру.

Ертеде мұхиттың тереңінде Жұлдызбалық, Кішкентай Немо атты балық және ақылды Тасбақа Тайман өмір сүріпті.

Олар теңіздің ең жарқыраған маржан жартасында тұратын достар еді.

Бір күні таңертең су астында әдемі күн сәулесі ойнап тұрған кезде, Немо қатты қуанып:

— Бүгін жаңа жерді зерттейік! – деді.

Достары келісіп, жолға шықты. Олар жол бойы түрлі түсті медузаларды, күмістей жылтыраған балықтар тобын, ерке дельфиндерді кездестірді. Барлығы өте қызық әрі әдемі еді.

Бірақ кенеттен алыстан үлкен дауыс естілді:

— Көмектесіңдер! — деп біреу айқайлады.

Достар дыбысқа қарай жүзіп барып қараса, кішкентай Теңізжылқысы торға түсіп қалыпты.

Жұлдызбалық қолымен торды тартты, Немо жіптерді тістеді, ал Тасбақа Тайман мықты жүзбе аяқтарымен торды итерді.

Бірге күш салғанда, тор жыртылып, Теңізжылқысы босап шықты.

— Рахмет сендерге! Егер сендер болмасаңдар, мен ешқашан құтыла алмас едім! – деді Теңізжылқысы.

Достар бір-біріне қарап:

— Бірге болса — кез келген қиындықты жеңуге болады! — деп қуанды.

Сол күннен бастап су астындағы барлық жаратылыс олардың достығына, батылдығына таңғалып жүрді.

Немо, Жұлдызбалық және Тасбақа Тайман мұхиттағы ең батыл әрі ақжүрек достар атанды.

  


-Балалар ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
-Балықтар қай жақты мекендейді?
-Ал сендер су асты әлемін көргілерің келеме?
- Ендеше мен сендерге су әлемінің сұлулығына тамсануға, терең теңіз құпияларын көруге болатын су асты сапарына баруға ұсынамын.
-Су астында біздер қалай жүземіз?
-Қалай демаламыз?

«Суға сүңгу »ойыны
-Суға сүңгиміз, су жәймен  толқып жатыр , кенеттен  су қатты толқыды. Су толқыны басылды.(көк матаны балалардың үстіне жауып теңіз толқынын жасайды)
-Қане балалар айналаңа қараңдаршы не көріп тұрмыз, бұл не? Балық, сегізаяқ, кит, акула.
-Ал ендеше ғажайып тақтаға назар аударайық.
Ғажайып тақтада  балықтар туралы көрсетіледі.
-Балықтар қайда тіршілік етеді екен?
-Олар немен қоректенеді?

  

(Экраннан Немо балық шығады)

-Балалар менің су әлеміме қош келдіңдер. Менімен бірге ойындар ойнауға дайынсыңдарма?
-Ендеше отырған орындарыңда ненің суреті тұр соған қарап үш ойын алаңына бөлінеміз.

 

«Қай дыбыстан басталады» ойыны

Міндеті: Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты

және дауыссыз дыбыстарды анықтайды. Сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды

  

 «Тез ойла, тез ойна» ойыны
Міндеті:Математикалық терминдерді қолдана білуді, заттарды сандармен сәйкестендіру, кеңістікті бағдарлау.

   

 Зерттеу жұмысы: «Балықтың шытырасынан жасын анықтау»

Міндеті: Өз бетінше эксперимент жасай алады. Шытыраның өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылайды, талдайды, салыстырады, ажыратады

    

Шығармашылық дағды

Дәстүрден тыс әдіс арқылы балықтвң қабыршағынан шырша жасау

    

 Шеңберге жиналып
 Керемет  балалар. Немо  балықпен қоштасу
Бекіту.Қорытынды ойын

«Су астындағы қазына» ойыны

    

Балалар әр күндерің күндей жарқырап тұрсын. Бүгін керемет ойындар ойнадыңдар. Сендерге сыйлығым бар.
Марапаттау.