Тақырыбы: «Көліктер»
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Ұйымдастырылған ойын іс-әркеті: Қоршаған әлеммен таныстыру
Міндеттері: -Көлік түрлерінің қолданысын (әуе, су, жерде жүретін көліктер) ажырата білу, оның түрлері және қолданылуы машинаның жабдықтарына байланысты екені туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) білімдерін кеңейту. - Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту, заттардың атауларын бөліктері мен бөлшектерін, олардың қолданылу маңыздылығын түсіну -5 ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау,
-Түзу сызық бойымен алдымен қысқа жол , кейін ұзын жолды жолақтарды қиюды үйрету.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, жасанды интелект арқылы мульфильм.
Интеграция: Коммуникативтік дағдыларды дамыту,Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, Балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту
Барысы:
Балалар паравоз әнімен кіріп қимыл жасайды.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId9b0ad40842
Жарайсыңдар, балалар!
Көңіл күйлерің жақсы ма? біз немен келдік?
Паравозбен дұрыс айтасыңдар.
Паравоз қандай көлікке жатады? Темір жол. Ой балалар , ғажайып экранға назар аударайықшы бір дыбыстар шығатын сияқты.
«Көліктер» мультфильмі
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId3d0d28467c
Балалар көліктер жайлы білесіңдер ме? Көліктер нешеге бөлінеді? Әуе көлігі, жер көлігі, су көлігі. Көлік түрлерін атап беріңдерші.
-Балалар осы ұшақ пен машинаның айырмашылығы қандай? Ұшақ әуежайдан ұшып, ауада қозғалады, ал машина жолмен жүреді. Ұшақ өте жылдам, алыстағы қалаларға тез жетеді.
Машина баяу жүреді. Ұшақта көп адамдар отыра алады. Машинада (4-5) аз адам отырады.
Кеме өзен, көл, теңізде жүзеді. Ал балалар ұшақтың қызықты ойынын ойнаймызба?
«Көліктердің орнын тап» ойыны.
Ойынның шарты: Көліктерді ажыратып, жіпке тізіп орнын табады және санап қанша болғанын айтады.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId2cd89d844f
Ой керемет, барлығын дұрыс жасадыңдар. Осы көліктердің ішінде өрт сөндіруші, жедел жәрдем көліктері бар екен. Олардың басқа машиналардан айырмашылығы неде? Балалар жауабы.
Ал, балалар осы көліктер неден жасалады екен, соны білесіңдер ме? Көліктердің неден жасалғанын айтып беріңдерші. Болат, алюминий, пластик, резеңке, шыны.
Балалар, көліктерді санап беріңдерші. Әуе көлігі төртеу, жер көлігі бесеу, су көлігі үшеу.
Дұрыс айтасыңдар, көліктердің санын кім тауып орналастырып береді? Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId723d8c5e66
Мультфильмдегі машина бізге өзі сияқты машина жасап беруді сұрап тұр. Ал енді шығармашылық алаңға барып машинаның «Машина құрастыр» ойынын ойнап берейік. Түрлі түсті қағазда берілген түзу сызық бойымен алдымен қысқа жол , кейін ұзын жолды жолақтарды қиып , бүктеп алып жапсырамыз. Дөңгелектерді қиып жапсырамыз.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeIda887e2133e
Балалар машиналарымыздың түстері қандай? Жасаған машинамызды автотұраққа орналастырамыз. Балалар әр автотұраққа апарған машинамыздың саны қанша болды? Санап, түстерін атайды.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId79662aa726
Ал балалар, мультфильмдегі машина тағы машина жайлы не білесіңдер деп сұрап жатыр . Көліктерді кім жүргізеді? Жүргізуші дұрыс айтасыңдар
Машинаға «Жүргізуші боламын» әнін орындап беремізбе?
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId37c93715b7
Жарайсыңдар, әнді жақсы айттыңдар. Балалар машинаны кім жүргізеді екен? Жүргізуші, Әуе көлігін кім басқарады? Ұшқыштар. Ал су көлігін кім басқарады? Капитан. Темір жол көлігін машинистер басқарады. Балалар мультфильмдегі кеме қызықты ойын ұсынып жатыр.
«Тұрағын тап»ойын ойнап беремізбе?
Шарты: Қимыл қозғалыс қос аяқпен секіру арқылы кубикте түскен көлікті тұрағына апарып орналастырады.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/410-k-likter.html#sigFreeId8bb278cdb5
Қорытынды: Бүгінгі ойын іс-әрекетінде барлығың жақсы қатыстыңдар. Көліктер жайлы толық білдіңдер. Сендерге рахмет ! Өздеріңе ұнаған көліктерді сыйға беремін.









