Тақырыбы : "Сандар әлеміне саяхат"
Білім беру саласы: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті: ойын түрінде
Міндеттері:
Ертегі кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын, рөлдердегі кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын интонациясы мен мимикасын береді. Көрнекілік арқылы 6,7,8,9 сандарымен таныстыра отырып «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету. Қайшыны қолдануды бекіту. Қағаздан таныс бейнелерді қию жапсырудың түрлі әдістері (сұлба) мен тәсілдерін қолдану. Еңбекқорлықпен жауапкершілікке баулу. Еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады.
Кіріктірілді: Коммуникативтік дағдыларды дамыту, Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, Шығармашылық, Қоршаған әлеммен таныстыру.
Барысы:
Ойын іс-әрекетін бастамас бұрын көңіл-күйлерін сұрап, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.
-Балалар, көңіл-күйлерің қалай? (жақсы)
-Бүгінгі күнге не тілейміз? (сәттілік)
-Жарайсыңдар, балалар.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
Күз мезгілінде қандай маусымдық ерекшеліктер болады?
- Күн суытады ,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып түсе бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Балалар менің қолымда ненің суреті тұр ?
-Сандар
-Жарайсыңдар ,балалар .
Олай болса біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз ба?
Сандар мен таныстыру.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeId50baab3941
Олай болса саандар патшалығы ертегісін тыңдаймыз ба?
-Иә Ғажайып тақтаға назар аударайық.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeId3ec4c4da3e
Баяғыда бір сиқырлы елде Сандар патшалығы өмір сүріпті. Барлық сандар – Бірден онға дейін – бір-бірімен тату, әркім өз орнында тұрып, адамдарға есеп шығарып, сағатты жүргізіп, дүкендегі бағаларды реттеп жүреді екен.
Бірақ бір күні кішкентай Үш ренжіп қалады:
– Менің жұмысым көп, демалуға да болмайды! – деп ренжіп, орнын тастап кетіп қалыпты.
Сол сәттен бастап елде бәрі шатасады.
Сандар абыржып, не істерін білмей тұрғанда, көктен сиқырлы дауыс естілді:
– Үшті табу үшін, сендерге орман достары көмектеседі.
Сөйтіп Бес пен Төрт орманға жол тартады.
Орман іші тып-тыныш екен. Кенет бұтаның арасынан бір кірпі шыға келді.
– Түу, неғып жүрсіңдер? – дейді ол.
– Үшіміз жоғалып кетті, соны іздеп жүрміз, – деді төрт пен Бес.
Кірпі ойланып тұрып:
– Мен сендерге көмектесемін, бірақ алдымен менің ойын тапсырмамды орындаңдар!
1.Кірпінің ойыны : « Кірпіге көмектесейік»
Шарты: Әр кірпіде сан жазылған. Сол санға сәйкестендіріп металл қысқышты санап кірпімізге орналастырамыз. Алдымыздағы алаңқайға 1, 7 ге дейін ретімен орналастырамыз.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeIde3fdfedf0a
-Жарайсыңдар, балалар.
Сендерге кірпінің ойыны ұнады ма?
Ертегі ұнап жатыр ма? Олай болса ертегіміздің жалғастырып көрейік.
– Ендеше, мына соқпақпен жүрсеңдер, қолшатыр ұстаған қызды кездестіресіңдер. Ол сендерге үшті табуға көмектеседі.
Сандар жол жүріп келе жатса, жаңбыр себелеп қоя берді. Сол сәтте алдарынан қолшатыр ұстаған қыз шыға келді. Оның қолшатырында сап-сары болып жарқырап тұр екен.
– Сендер адасқан Үшті іздеп жүрсіңдер ғой? – деді қыз күлімдеп. – Оны табу үшін менің ойын тапсырмамды шешіңдер.
2.Қолшатырдағы қыз ойыны : «Қолшатыр мен тамшылар»
Шарты: Балаларға бос қолшатыр бейнесі мен таяқша және жаңбыр тамшылары беріледі. Міне, балалар бұл біздің қолшатырымыздың жоғарғы бөлігі алдымен қайшымен қиып алып содан соң оған желім жағып, бұршақпен әдемілеп безендірейік. Төменгі бөлігіне таяқша жапсырып, таяқшамызда қанша нүкте болса нүкте санына сәйкес жаңбыр тамшыларын жапсырады. Соңында барлығы бірге санайды.Қараңдаршы, біздің қолшатырдың астында неше тамшы бар екен?
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeId7e3ccec1cb
-Жарайсыңдар, балалар менің қолшатырымды әдемі безендірдіңдер. Рахмет сендерге. Енді мен сендерге үштің қайда екенін айтайын. Осы жолмен жүрсеңдар үлкен алма ағашы шығады үш сол жақта дейді.
Төрт пен бес келе жатып алдарынан алма ағашы шығады
Сендер мұнда нестеп жүрсіңдер?
Күз мезгілі келе жатыр, ал менің алмаларым әлі ілініп тұр?
Төрт пен бес біз үш санын іздеп жүрміз. Егер балалар маған алмаларымды жинап көмектесетін болса, мен үштің қайда екенін айтамын.
- Алма ағашы ойыны:
1-топ: Алма бақ
Алма баққа барып алма теріп алады және оны қысқа қағазбен орап сақтайды.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeId5c3595ff5f
2-топ: Хош иісті шәй
Алма, мята, лимон, науат шәй араластырып қайнаған су құйып хош иісті шәй әзірлейді.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeIdd3ed97e009
3-топ: дәмді салат
Алма, алмұрт, банан, йогурт кубиктап турап, дәмді салат жасайды.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeIdd1aa86a216
Ағаш күлімдеп, -Рахмет, балалар! Ағаш дір етіп, бұтақтары жарқырап кетті. Кенет аспаннан күн нұры түсті де, ағаштың діңгегінде 3 саны жарқ етіп шықты!
– Үш! Сенсіз бәрі шатасып кетті ғой! – дейді Төрт. Біз сені ұзақ іздедік.
Енді бізді ешқашан тастап кетпеші. Сол күннен бастап Сандар патшалығы бұрынғыдай тату-тәтті өмір сүріпті.
- Сиқырлы діңгек:
Шарты: Ағаш діңінен сандықша тауып алады ішін ашып қараса 3 саны шығады. Балалар қауанып барлық сандарды атап, ретімен орналастырады.
http://alpamys-land.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/411-sandar-lemine-sayakhat.html#sigFreeId93bceca842
- «Көңілді микрофон » ойыны
Шарты: Сұрақ-жауап арқылы ойын іс –әрекетті аяқтау.
-Бүгін біз қандай ертегімен таныстық
-Қандай кейіпкерлер бар екен?
-Бүгін біз қандай тәсілдермен жұмыс жасадық?
-Балалар, бүгінгі ойын сендерге ұнадыма?
Балалардың білімін бағалау:
Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер.
Балаларды мақтап мадақтау:
-Жарайсыңдар балалар! Қонақтармен қоштасады.









