Су патшалығы. [Р] дыбысын қою.

 

Қызылорда қаласы, «Алпамыс бөбекжай-бақшасы логопед маманы Сағидуллақызы Жанна «Су патшалығы. [Р] дыбысын қою.» тақырыбында сәуір айында ересек топ тәрбиеленушілерімен ашық оқы қызметін өтті.

Қазіргі таңда инклюзивті білім беруге Қазақстан бойынша өте көп көңіл, күш пен қаражат бөлініп жатыр. Олардың барлығында бір мақсат, бір мүдде, яғни осы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардан өз-өзіне қызмет ете алатын, кез келеген ортаға тез қалыптаса алатын, заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиелеу. Міне осы мақсат бойынша оқу қызметі ұйымдастырылып, онда көптеген әдіс-тәсілдерді қолданды. Атап айтсақ, сыни ойлау, бала үнін тыңдау, миға шабуыл, өрмекші әдісі.

Балаларды заман талабына сай дамыту мақсатында көптеген заманауы ресурстар қолданылды. Мысалы: АКТ, Pecs карточкалары, ЛОГОЗАВР, HOLOGRAM, жылдам ЛОТО, суреттер, тыныс алу тренажеры, микрофон, ноутбук, KAHOOT.

Ерекше білім берді қажет ететін балаларды дамытуда ең бастысы баланың деген жаңа дүниелерге, жаңа білмдерге, жаңа көріністерге дайын болып соларға деген қызығушылығын күннен күнге арттыру.

Бейнероликке түсіріген оқу қызметіне тоқталатын болсақ күнделікті артикуляциялық жаттығулардың өзін Интербелсенді тақта арқылы ЛОГОЗАВРды қазақ тілінде дыбыстай отырып, балаларды қызықтырып отырды. Балалар айналарын алып тақтаға қарай отырып артикуляциялыққ жаттығуларын орындады.

Балалардың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай балаларға миға шабуыл, сыни ойлау әдісі арқылы Жылдам Лотоны тиынмен тазалау арқылы өтілетін тақырыпты өздері тапты. Сурет арқылы көрген бейнелерін атады.

HOLOGRAM арқылы балаларға визуалды бейнелерді көрсете отырып, балалардың су асты жануарлары туралы білімдерін кеңейтті.

Құрылымдалған ойын арқылы балалар бөлме ішінде жасырынған жануарларды іздеп тайып Сиқырлы кітапшаға атауларын атай отырып құлық жануарларын жерге, су асты жануарларын теңізге орналастырды.

Тыныс жаттығуылары арқылы балалардың тыныс алу жолдарының дұрыс қалыптасуына, тұтықпаның алдын алуға, дұрыс тыныс ала білуге үйрету. МЕРСИБО балаларды дамыту сайтынан алынған, арнайы тыныс алу жаттығуларына арналған тренажерын үрлеп тыныстарын ретке келтірді.

Қорытындыда, KAHOOT бағдарламасы арқылы бүгінгі өтілген тақырыпты қорытындылады.

Оларға ойын шарты түсіндірілді. Ойынның шарты: мен сендерге берілген сұрақтарды оқимын, ал сендер дұрыс нұсқаны таңдайсыңдар. Балалар, сендерге төрт нұсқа берілген

  • Үш бұрыш немесе қызыл түс
  • Дөңгелек немесе көк түс
  • Сопақша немесе сарғыш түс
  • Шаршы немесе жасыл түс.

Осы нұсқаларға сәйкестендірілген суреттерді белгілейміз. Соңында жеңімпаздар алаңы арқылы кімнің ең жақсы түсінгенін білетін боламыз?!

Ұйымдастырылған оқу қызметі соңында балаларды оқу-қызметімне сай балықтар тосын сыйын беру арқылы марапаттады

 

Аты Жүктеу
1 Циклограмма