Зал әсем безендірілген. Экраннан  ата-аналарға арналған бастама бейнеролик көрсетіледі. Экраннан балалардың тик-ток тренді бойынша бейнеролик көрсетіледі.

Залға балалар таныстыру бойынша 1 ұл, 1 қыздан қол ұстасып  музыкамен қызыл кілем үстімен жүреді. Қалған 3 ер бала ортаға тәрбиеші апайларды алып шығады.

Таныстыру:

1.Ақылына көркі сай,

Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры - Болатбек Ралан

  1. Ай десе аузы бар,

Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы - Андасбек Айзере  

  1. Асқан білімді болатын,

Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы - Ыдырыс Мейіржан

  1. Әдемі ән айтатын,

Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні - Қалмағанбет Інжу

  1. Бойына жиған өнерді,

Әнші, биші өнерлі өнерпаз жігітіміз - Жәнібек Темірлан

6.Алтыннан ардақты,

Күмістен салмақты бақшамыздың мақтанышы - Ерланқызы Нұрила

  1. Отбасының берекесі

Ата-анасының еркесі - Сәбитұлы Мұхаммеджан

  1. Аспандағы жұлдыздай,

Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай - жұлдызы  - Тыныбек Аружан

  1. Сапты бастап жүретін

Қарай қалсаң күлетін

Тобымыздың джентельмені - Темір Бекжан

10.Қыздарды бастап жүретін,

Айтқанды бірден ұғатын

Өзі сұлу, ақылды - Оразәлі Қарақат

11.Сәнді киім киетін,

Модный болып жүретін - Сәрсенбай Әмина

12.Топтың ерке баласы,

Атасының  данасы - Есенжан Бақдәулет

  1. Сабырлы,  жайсаң мінезі
    Адалдықты сүйеді - Болат Санжар
  2. Кіп-кішкентай болса да
    Елді аузына қаратар.
    Сүйкімді қыз - Аяна
    Көркі оның көз тартар.
  3. Бойында үлкен намыс бар,
    Әрқашан алға ұмтылған.
    Сегіз қырлы, бір сырлы
    Намысшыл жігіт –Ғалымжанұлы Ади
  4. Білімді қыз инабат,
    Болар бізге қолқанат.
    Жақсылықты арқалап,
    Раянада бар талант.

17.Бір өзі екі есімді арқалаған,

Спортты өзіне серік қылған батыр жігіт - Дәулетұлы Сабыр

  1. Ойы ұшқыр Қасиет,
    Математиканы сүйеді.
    Қиын есеп болса да,
    Лезде шешіп береді.

  2. Спортты жаны сүйеді
    Салауатты өмір сүреді.
    Бар қоғамдық жұмыстың,
    Ортасында жүреді.
    Жомарт топтың жүрегі.
  3. Ән салғанда шырқап бір,
    Шаршамайды сірә бір.
    Ақерке біздің өнерлі,
    Сырын терең ұға біл.
  4. Ұшқыр ойға серік болған

Білімді алға мақсат қылған Сақтаған Айсұлтан.

  1. Өзі батыр да, батыл, өз дегенін жасата алатын,

Сүйкімді ханшайымымыз – Сламхан Шұғыла.

  1. Өжеттілік пен намысты бойына жинаған батыр баламыз – Қалдыбек Жанқожа.
  2. Расул деген бала бар,
    Бойында түрлі сала бар.
    Көпшілікті қуантып,
    Үлкен үмітпен қаратар.
  3. Парасатты ер жігіт,
    Ақылменен біледі.
    Сегіз қырлы, бір сырлы
    Асанәлі күліп келеді.

Ортаға жүргізушілер Мейіржан мен Айзере шығады.

Мейіржан: Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-аман бармысыздар.
Таусылмайтын ағытып ой арманың,
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Айзере:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көрем шаттық  арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан тәрбиеші апайларымызды ортаға шақырайық.

Мейіржан:Тәрбиеші төзімді, мейірімді балажан
Балалықтың қылығына, кешіріммен қараған
Қуыршақ ойнап доп қуған бала тұлпар баптаулы
Әр баланың қылығы жадымызда жаттаулы, -  деп жүрген тәрбиеші апайлар Гүлзат Берікбекқызы мен Ақерке Аманжолқызын ортаға шақырайық.

Ақ төсекке жатқызып, тәтті тамақ ұсынған
Мейірімді қабақ танытқан – Кенжебике апайды ортаға шақырамыз!
Ортаға тәрбиеші шығады

Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл - ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың!

Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Мейіржан: 

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,
Балабақша меңгерушісі құттықтасын - деп, құттықтау сөзді Қарлығаш Қапашқызына беріледі.

Ән  « Тәрбиеші» хор

Осы кезде Білім патшайымы кіреді:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген  бөлме. Мен қай жерге келдім?

Айзере: Бұл «Алпамыс» балабақшасының  «Әмбебап балдырған» тобы. Біз балабақшамен қоштасқалы жатырмыз, ал сіз кім боласыз, қайдан келдіңіз?
Білім патшайымы: Мен білім патшалығынан келген білім патшайымымын. Мейіржан: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

 Мейіржан:

Жаңа өмір басталсын

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі,

Көңілде мәңгі сақталсын-балалардың орындауында вальс.

Би:  «Вальс»
Білім патшайымы: Жарайсындар, балалар!
Өнерлерің  өрге жүзсін. Менің сендерге дайындаған түрлі-түсті сиқырлы гүлім бар. Әрбір күлтелерінде тілектер мен тапсырмалар бар. Әр күлтені алып, ішін ашып оқып тапсырмаларды орындасаңдар.

Айзере:  Қандай ерекше гүл, солай ма  балалар? Қане 1ші күлтешені тәрбиеші апайымызға берейікші, ашып оқып көрсін.

1 күлтеше: Жолдарың ақ болсын! Балабақша қызметкерлеріне арналған алғыс тақпақтар естігіміз келіп тұр.

Жомарт: Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Қарлығаш Қапашқызына мың алғыс!

Раяна: Денсаулығы болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Аида апайға  мың алғыс!

Ади:  Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын әдіскер Алима Мерекеқызына мың алғыс!

Нұрила: Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Индира, Айгерім  апайларға мың алғыс!

Темірлан: Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген

Айна, Асыл   апайлар
Сіздерге де мың алғыс!

Ақерке: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Кенже  апайға мың алғыс!

Айсұлтан: Төсек орны тап-таза,

Аппақ жуған сүлгісі.

Сақып, Палзада  апайларға,

Балалардан мың алғыс.

Әмина:  Жүгіртіп бізді алатын,

Доптай шапшаң секіртіп.

Шынықтырып денеңді,

Шымыр болуға үйреткен.

Бақытжан Әлиұлына

Бәрімізден мың алғыс!

Бекжан:  Сағиля апай өзіңізді,

Жақсы көрем әрдайым.

Әрқашан бізге жалықпай,

Орыс тілін үйреткен.

Сағиля Мұхитжанқызына мың алғыс.

Қарақат: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Ақерке, Гүлзат  апайға
Айтамыз біз мың алғыс!

Залға көңілді әуен қосылып, ортаға Тэдди кіреді.

Тэдди: - Сәлеметсіңдерме балалар!

Мейіржан: - Сәлеметсізбе? Қош келдің Тэдди! Бүгін біз балабақшамен қоштасып жатырмыз. Сен  мұнда не істеп жүрсің?

Тэдди: - Біз досым Кэтти екеуміз ойнап жүріп адасып қалдық. Енді мен Кэттиді таба алмай қалдым, сендер маған оны табуға көмектесесіңдерме?

Балалар: - Иә ,әрине

Тэдди: - Ендеше барлығымыз бірге Кэтти деп айқайлап шақырайықшы, сендер көпсіңдер, дауыстарыңды бірден еститін шығар...

Балалар: - Кэтти, Кэтти...

Залға Кэтти кіреді.

Кэтти: - Тэдди досым сен осында екенсің ғой, мен сені таба алмай жүрдім, ал бұлар кімдер? Бұл жерде не болып жатыр?

Тэдди: - Кэтти, бұл балабақша бітіруші түлектер екен, мұнда қызықты кеш болып жатыр екен, біз екеуміз осында қонақ болып балалармен бірге кешті өткізейік. Балалар сендер қарсы емессіңдерме?

Балалар: - Жоқ әрине, бізбен бірге көңілді кештің куәсі болыңыздар!

Айзере: Олай болса, келесі күлтешемізді Тэдди досымызға  берейік.

2 күлтеше: Талаптарың оң болсын! Сауат ашу бойынша ойын көргім келеді.

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады?»
Шарты: Ортаға кубиктегі әр түрлі әріптер қойылады. Бір бала ортаға шығып кубикті жерге домалатып жібереді, түскен әріпті атап, дауысты және дауыссыз дыбысын ажыратып, сол әріптен басталатын сөз айтады. Сөзді буынга бөледі.

Мейіржан: Келесі күлтешемізді музыка жетекшісі Айгерім Болатбекқызына ұсынайық.

3күлтеше: Оқуда озат болыңдар! Мен үйреткен бір әнді айтып беріңдер.

Мейіржан: Қандай ғажап күн бүгін

Күміс күлкі жан-жағын

Күлімдеген бар бала

Ән айтады шаттана, - дей отырып әсем әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Әліппе» Дуэт: Мейіржан мен Нұрила

Тэдди: - Тамаша, балалар, жарайсыңдар! Сендер әріптерді үйреніп қана қоймай, сандарды танып, санауды, есеп шығаруды да үйреніпсіңдер.

Айзере: - Олай болса келесі күлтешемізді Кэтти досымызға ұсынайық.

4 күлтеше: Балаларымыздың басқан қадамы құтты болсын! Балалармен математика бойынша бір көңілді  ойын болсын.

Ойын: «Көңілді  сандар»
Шарты: Тақтадағы сандарға байланысты балалар екі-екіден жұптасып, обруч ішінде жүріп шарларды жинайды.

Мейіржан: Келесі күлтешені балабақша хореогрофы Индира Сматуллақызына ұсынайық.

5 күлтеше:Тек қана биіктерден көріне беріңдер! Мен үйреткен бір биді билесін.

Би: «Әліппе, карандаш»

Айзере: Келесі күлтешемізді медбикемізге ұсынайық.

6  күлтеше: Жүздеріңнен күлкі кетпесін! Балалардың ансамбльде өнер көрсеткенін тамашалағым келеді.

Ансамбль

Мейіржан: Келесі күлтешемізді орыс тілі маманы Сағидан Сағилаға берейік.

7  күлтеше: Ата-аналарыңның үмітін ақтаңдар! Сендерден керемет  орыс тілі бойынша тақпақтар тыңдағымыз келіп тұр.

Ралан: Вы нас с любовью встретили,
Как радостный сюрприз!
Мы сами не заметили,
Как годы пронеслись!

Інжу: Теперь мы разлетаемся,
Как взрослые птенцы,
А наши воспитатели –
Большие молодцы!

Бақдәулет: Спасибо вам огромное
За наше воспитание,
За ласку и терпение,
Заботу и старание!

Қасиет: Работа ваша трудная,
Не сахар и не мед!
Вы тут, как белки, крутитесь,
И садик наш живет!

Санжар: Мы этот мир волшебный
Запомним на всю жизнь.
Как хорошо, здесь мы
Однажды собрались!

Айзере: Келесі күлтені Кэтти досымызға  ұсынайық.

8 күлтеше: Өнерлерің өрге жүзсін! Өздерің үйренген әсем әннен шырқаңдар.

Жек ән : Қалмағанбет  Інжудің орындауында «Әнші құс»

Айзере: Келесі күлтешемізді келген қонақтарымызға ұсынайық.

9 күлтеше: Үлгілі, тәртіпті, озат оқушылар болыңдар! Көңілді би тамашалайық

Би : «Флешмоб»

Мейіржан: Келесі күлтешені    Кенже апайымызға берейік.

10 күлтеше: Алар асуларың көп болсын! Әсем сазды әуен тыңдағымыз келеді.

Ән: «Досвидания детский сад!»

Тэдди: - Ой жарайсыңдар, балалар! Қандай өнерлісіңдер, бұл кеш керемет өтіп жатыр, бізге барлығы ұнап жатыр.

Айзере:Тобымыздың әнші жігіті Жомарттың орындауында әсем әнге берейік.

Жеке ән: «Оқуда озат боламын»

Кэтти: - Иә, балалар, бәрі керемет, көңіліміз көтеріліп қалды. Біз тек балалардың өнерлерін көріп жатырмыз, ал осы топтың тәрбиеші апайларының қандай өнерлері бар екен, көрейікші...

Ортаға екі тәрбиеші шығады.

Ән: «Балабақшамен қоштасу» (тәрбиешілердің орындауында, артында шағын көрініс балалармен)

Тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік.

Әннен кейін меңгерушіге сөз беріліп, дипломдар мен бітіруші ленталар табыс етіледі. 

Келген Тэдди, Кэтти,Білім патшайымы балаларға алғыс білдіріп, ақ жол тілеп, керемет кештің куәсі болғандарына ризашылықтарын білдіріп, балалармен және қонақтармен қоштасып қайтады.

Тәрбиеші: Сүйкімді менің балаларым, жарқын жүзді ата-аналарым! Сіздермен қоштасатын сәт келді. Сіздерге ақ жол, сәт сапар тілеймін. 

Ата – аналар алғысын білдірген соң балалар далаға шығып, қолдарындағы шарлары мен көгершін ұшырады.