«Көңілді старт»

(қызметкерлер арасындағы спорттық сайыс)

Денешынықтыру пәні нұсқаушысы:

Али Бақытжан

Тақырыбы: «Көңілді старт» қызметкерлер арасындағы спорттық сайыс

Мақсаты: Балабақша ұжымының  спортқа деген қызығушылығын арттыру.Бір топта бірігіп, ұйымшылдыққа, ептілікке, шапшандыққа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.

Жүргізуші: Құрметті балабақша ұстаздары,басшылары және қызметкерлері,

бүгін біздің балабақшамызда үлкен спорттық мереке.Бүгінгі біздің жарысқа тәрбиешілер мен пән мұғалімдері және тәрбиеші көмекшілері қатысқалы отыр.Олай болса ұжымдастармен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшылдық және көңілді екенін көрген қандай қуныш. Біз ендеше ұжымдастарымызға сәттілік тілейміз!

Спорт сенің серігің-

Жаңға дауа, қолға күш,

Сергітетін адамды-

Қимыл менен қозғалыс - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік.

Жүргізуші: Жарысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Балабақша меңгерушісі: Қарақұлова Қарлығаш Қапашқызы

Балабақша ұйымдастырушы педагог: Сейтжаппарова Алима Мерекеевна

Балабақша медбикесі: Абдуллаева Айгул Жеңісбекқызы

Әділ қазы алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір,

Сарапқа сал ,әділдікпен шеше біл

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс 8 турдан тұрады.Ойын тауымен таныс болыңыздар.

1.Таныстыру

2.Кім епті?

3.Мен мықтымын

4.Кім жылдам?

5.Бәрекелді

6.Теннис

7.Ыстық картоп

8.Жарайсың!

Дүбірле бақшам,дүбірле

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толы жүзінде,

Арнаулы жолдан сүрінбе.

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде!

Жарысымызды бастаймыз!

1.Таныстыру

Ойынның шарты: Әрбір топ басшысы өзінің тобын  таныстырады.Әр топта эмблема болуы шарт.

Әділ қазылар алқасының бағасы 3-4-5  ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы баға 5 ұпай.

2.Кім епті?

Ойынның шарты: Әр ойыншы жеке-жеке ортаға шығады.Бастарына кітап қою арқылы, кедергілер арасымен белгіленген межеге дейін, барып қайтады.Қай топ ойыншылары бірінші келсе, сол топ жеңімпаз болады.

Әділ қазылар алқасының бағасы 3-4-5  ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы баға 5 ұпай.

3.Мен мықтымын

Ойынның шарты: Әр топ басшыларының арасында өтетін сайыс. Топ басшылары құрсаудың көмегімен ойыншыларды қарсы бетке жинайды.Бірінші болған топбасшы жеңімпаз  болады.

Әділ қазылар алқасының бағасы 3-4-5  ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы баға 5 ұпай.

4.Кім жылдам

Ойынның шарты:Ойыншылар допты екі тізенің арасына қойып белгіленген межеге кедергілер арасымен барып және де тура жолмен допты түсіріп алмай қайтуы қажет.

Әділ қазылар алқасының бағасы 3-4-5  ұпаймен бағаланады.Ең жоғарғы баға 5 ұпай.

5.Бәрекелді

Ойынның шарты:Ойыншылар қаппен секіру арқылы, белгіленген межеге тура бағытта барып, қазылар алқасының алдында орналасқан карточкаларда жасырылған, мақалдың жалғасын табады.

6.Теннис

Ойынның шарты: Ойыншылар ракетканың көмегімен үрленген шарды жерге түсірмей немесе ұшырып алмай белгіленген межеге тура бағытта барып қайтады. Қай топ ойыншылары тез жетсе, сол топ жеңімпаз болады.

Әділ қазылар алқасының бағасы 3-4-5  ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы баға 5 ұпай.

7.Ыстық картоп

Ойынның шарты:Ойыншылар кезектесе отырып ,допты аяқ арасынан, бір-біріне беріп, белгіленген межеге жетеді.Қайтар жолда дәл сол реттілікпен алайда допты қолымен бастан асыра береді.Бастапқы орынға қай топ бірінші жетсе сол топ жеңімпаз атанады.

8.Жарайсың!

Ойынның шарты:Ойынға әр топқа бір баладан қатысады. Ойыншылардың мақсаты балаларды реттілігімен киіндіріп, анасына тапсыру.Қай топ бірінші болса сол топ жеңімпаз атанады.

Өнерге берік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз!

Әділқазы алқалары баға беріп болғанша.........

Жүргізуші: Ендеше сөз кезегін қазыларға береміз

Жарыстың қорытындысы шығарылып,үздік ойыншылар марапатталады.

Жүргізуші: Осымен тартысты өткен сайысымыз аяғына жетті.Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Әрқашан спортқа жақын болайық! Спорт денсаулық кепілі. Сау болыңыздар! Сайысқа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!