«Алпамыс» бөбекжай бақшасы КМҚК

«Спорттық жанұя»

Толағай

«Білімділер бекеті» ересек  топ

Қызылорда, 2022 ж

Тақырыбы: «Спорттық жанұя» Толағай сайысы
Мақсаты:
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Ата –ананың баланың балабақшадағы өміріне белсенді қатысуына ықпал ету. Ойын барысында шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке және жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Барысы:
Құрметті ата - аналар, әріптестер, бүлдіршіндер бүгінгі «Спорттық жанұя» атты толағай эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі отбасыларымызды шақырамыз.

1.«Намыс» тобы: Серіковтер жанұясы.

2.«Жігер» тобы: Инаяттар  жанұясы

3.«Қуат» тобы: Байділдаевтер жанұясы

Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру:

  1. Балабақша меңгерушісі: Қарақұлова Қарлығаш Қапашқызы.
  2. Балабақшамыздың әдіскері: Сейтжаппарова Алима Мерекеевна

Отбасылар сайысы 7 - бөлімнен тұрады.
1. «Бәріміз бірге» сайысы Таныстыру
2. «Кім жылдам»сайысы
3. «Ұйымшыл отбасы» сайысы
4.«Ең мықтылар отбасы» сайысы

5.«Шапшаң отбасы» сайысы.
6. «Күштілер отбасы» сайысы   

7.«Мергендер» сайысы

Жүргізуші:  Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Сайысымызды бастамас бұрын медбике бала жүрек соғысын тексеріп алсын.

I бөліміміз: «Бәріміз бірге» сайысы
Таныстыру
Топтың аты, ұраны, эмблемасы

Жүргізуші:

Біз көңілді отбасы,
Шыныға да аламыз.
Сәулетті ел көгінде
Жұлдыз болып жанамыз

 II – бөлім:  «Кім жылдам» сайысы
Ойын шарты: Теннистің таяғымен, майда  допты домалатып, нысанадағы кеглиден айналып қайту. (Құралдары: Теннистің таяғы, майда доп, текшелер)
Әділқазылар бағаларын берейік.

Жүргізуші:

Көңіл қойып қараңыз,
Отбасылық сайыста.
Шынығайық бәріміз
Эстафеталық жарыста

III – бөлім: «Ұйымшыл отбасы» сайысы
Ойын шарты: Бұл сайыста отбасымен екі таяқшадан ұстап, шарды шелекке салады.  Шелек ішінде қағазда мақал жазылған, 2 минут жалғасын тауып айтады.

1 команда:
1) Денің сау болса
Жарлымын деме
Жолдасың көп болса
Жалғызбын деме
2) Шынықсаң - шымыр боласың
2 команда:
1) Тазалық - саулық негізі
Саулық – байлық негізі
2) Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол ізде.
3 команда:
1) Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
2) Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса - аузыңды тый.

Әділқазылар бағаларын берейік.
 IV – бөлім: «Ең мықтылар отбасы» сайысы 

Ойын шарты: Әр топтың әке-шешесіне шар беріледі, үрлеп жару қажет,үрленген шарды бүйірлеріне таяп кедергілер арасымен жүріп келеді, шарды баласы алып кедергі арасымен жүгіріп келеді.

V – бөлім:  «Шапшаң отбасы» сайысы.
Ойын шарты: Әкесі тунелді ортада ұстап тұрады, баласы жүгіріп барып тунелмен өтіп кедергіні айналып, анасына қарай жүгіреді.

VI – бөлім:  “Күштілер отбасы» сайысы 

Ойын шарты: «Арқан тартыс»Белгі бойынша бір сызықтан аспау, арқанның екі шетінен ұстап тарту, қай топ күшті екенін көрейік. Қалыспа, дайындал, алға!

VII – бөлім:  «Мергендер» Ойын шарты: Ата-аналары құрсауды екі жағынан ұстап тұрады, балалары 5 мүмкіндікпен шелектегі доптарды лақтырып құрсау ішіне түсіру керек.

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз мықты отбасы - деп әділқазыларға сөз кезегін береміз

Жүргізуші: Осымен бүгінгі отбасылық эстафеталық сайысымыз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!